Жалпы отырыс жобасы айқындалды

261
0
Бөлісу:

Палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің бюро отырысы өтті. Жиында депутаттардың келесі аптадағы жалпы отырысының күн тәртібінің жобасы айқындалды.

Оған сәйкес, Мәжіліс алдағы отыры­сын­да халықаралық келісімдерді күшіне енгізетін ратификациялық заң жобалары­ның топтамасын қарайды деп күтілуде. Атап айтқанда, палатаның талқылауына құқықтық салаға қатысты бірқатар қазақ­стан­дық-иордандық екіжақты келісімдер шығарылмақ.
Бұл қатарда қылмыстық істер бойын­ша екіжақты өзара құқықтық көмек тура­лы шарт бар. Келісім уағдаласқан қос мем­­лекеттің тергеп-зерттеулер жүргізуде, қыл­­мыстық қудалауда және соттың іс қара­уы кезінде қылмыстық істер бойын­ша бір-біріне көмек көрсетуін қарасты­ра­ды.
Бұл топтамаға сонымен бірге, адам­дар­ды ұстап беру, сондай-ақ соттал­ған­дарды беру туралы келісімдер де кіреді.
Аталған келісімдердің мақсатын іске асыру жөніндегі Қазақстандағы орталық мемлекеттік орган – Бас прокуратура.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*