Уәкілдің уәжі

167
0
Бөлісу:

Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі Асқар Шәкіров қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ел Президентіне 2018 жылғы өз мекемесінің жұмысы туралы есепті ұсынды.

Аталған құжат Қазақстандағы адам құқық­тарының жай-күйін талдау. Ол аза­маттар­дың омбудсмен қараған арыз-ша­ғым­дары негізінде, сондай-ақ мони­то­рин­г­­­тік қыз­меттің, мемлекеттік ор­­ган­­дармен, үкі­мет­тік емес және халық­ара­лық құқық қорғау ұйымдарымен өзара іс-қимылдың нәтиже­лері негізінде жасалған.
Есеп ұлттық құқық қорғау мекемесі қызметінің нәтижелері мен қорытын­ды­ларын, өзекті құқық қорғау мәселелерін, сонымен қатар қорғау тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстарды қамтиды.
«Мемлекет басшысы есепті қарау қоры­тындысы бойынша мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берді», – деп хабарлайды Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметі.

Айхан Шәріп

Бөлісу:

Пікір жазу


*