Әйелді бастан, баланы жастан ұстамағасын бәрі де бекер…

559
0
Бөлісу:

Ажырасудан алдымызға жан салмай тұрмыз. Әлем бойынша алғашқы ондықтың ішіндеміз. Отау құрып алып, отбасын сақтай алмаудың соңы апталдай азаматтар­дың басын сотқа қайта-қай­та сүйреп жүр. Дәл қазір елі­міз бойынша ажырасқан әке­лердің 30 пайызы бала­лары­мен кездесе алмай, сот­қа қайта жүгінуге мәжбүр.

Ресми деректерге сенсек, Қа­зақстанда әрбір үшінші неке ажырасумен аяқталады. Оның 83 пайызының ортақ балалары бар. 400 000 ана баласын жалғыз тәр­биелеп отыр. 60 000-нан ас­там әке жалғызбасты.
«Келешек» психологиялық ор­талығының директоры ­На­та­лья Семененко психо­лог­тарға ар­налған арнайы ереже қажет еке­нін айтады. «Кәмелет жа­сы­на толмағандардың ісі бойынша бір­неше жыл судья болып жұ­мыс істедім. Сондағы бай­қа­ға­ным, Қазақстанда пси­хо­лог­тар­дың нормативті құжаты жоқ. Осы­ның әсерінен ажырасу мен ба­ла­ларды бөлісуде пси­хо­лог кө­мектесе алмайды. Себебі, әр пси­холог өз тәжірибесі мен өз пайы­мына қарай жұмыс істейді. Қос тарапқа бірдей қа­ра­май, кон­сультацияға жазылған та­рап­­­ты қолдап кетуі де ықти­мал», – дейді «Келешек» психо­ло­­гия­лық орталығының дирек­торы Наталья Семененко. Ал Қа­­зақ­стан әйелдері қауымдас­тығы қо­ғамдық бірлестігінің пре­зи­денті Гүлнар Байымбетова да істі қарау процедурасын рет­тей­тін нормативті құжаттың бо­луын ерекше құнттап отыр. Құ­жатта баланың психологпен кез­десу санын, психологиялық тес­тілеуден өтуін анықтайтын нор­малар болуы керек. «Пси­хо­логиялық тестілеуді жаттап ал­ған балаларды да көрдік. Яғни, ата-ана ажырасып, одан кейінгі мәселелерді шешуге тырысып жа­тыр. Ал балалар ерлі-зайып­тылардың күш пен билікті ием­денуіне көмектесетін құралға ай­налды. Балалардың міндеті – даму мен оқу десек, олар ата-анасымен бірге тұрса да, бөлек тұр­са да, тек бақытты отбасында өсуі керек. Балалар қорғауға мұқ­таж, ал психологтарға құрал же­тіспейді. Барлық өңірде бі­рыңғай ереженің жұмыс істе­ге­нін қалаймыз», – дейді Н. Се­ме­ненко. Мамандардың айтуын­ша, бұл құжат кәмелетке толма­ған балалардың тұратын жерін айқындау мен кездесу тәртібін тағайындауға септігін тигізеді.
«Қазақта «Қамысты бос ұс­тасаң қолыңды кеседі» деген ма­қал бар. Қысқа күнде қырық ой­лансақ та бұл мәселенің түйі­нін тарқата алмаудың жағына шық­қанымыз қазақ деген аты­мызға сын болып тұр. Санамызға сыймайтын, ақылымыз жетпей­тін бұл неғылған мәселе? Ажы­расуды жастар жағы неге ойынға айналдырып кетті? Мұның аста­рында тәкаппарлық, менмендік, ар, ұят, намыс мәселесі жатыр. Бір-біріне басын имейтін жас­тар көбейді», – дейді психолог Ерлан Бошайұлы. Қалай десек те, әйелді бастан, баланы жастан ұстамағасын бәрі де бекер…

Гүлжан РАХМАН

Бөлісу:

Пікір жазу


*