Шетелде жүрсе де халықтың ұлы

687
1
Бөлісу:

Өткен жылдың мамыр айында әулетіміз үшін үлкен қуаныш болды. Тұңғыш немерем Әнуар Дәулетұлы АҚШ-тың Флорида штаты Майами қаласында ұшқыштар академиясында білімін жетілдіріп, тек қана ұшқыштық емес, экономика, менеджмент және т.б. мамандықтар­дың қыр-сырын жетік меңгерді. Шетелдік мамандар немеремді аттай қалап, өздерінде жұмысқа қалдырды.

Биыл Президент Жарлы­ғымен «Жастар жылы» деп жа­рияланды. Жастар жылы – жас­тарға артылған сенім. Шүкір, менің немерем сияқты өз қа­білетімен, дарынымен шетелдің жоғары оқу орындарын та­мам­дап, сонда тәжірибе жинап, елге келіп жатқан мамандар көп. Қазір әлем қарқынды түрде да­мып келеді. Сондықтан әр ма­ман өз саласындағы жетіс­тік­терді саралап, өзін-өзі қам­шы­лап, заман талабына сай жаңа бі­лімді игеріп, елдің игілігіне ай­налдыруы керек деп ойлаймын.
Менің немерем Әнуар да кішкентайынан алғыр болып өсті. Мектепті жақсыға бітіріп, қоғамдық шаралардың бел ор­тасында жүрді. Арман қуып, ­ше­т­елде білім алды. Оның авиа­ция саласын таңдауы кездейсоқ емес. Себебі кезінде «Тың өл­кесіндегі тұңғыш бортсерік қыз» атан­ған­мын. Бортсерік ретінде Алматы – Новосібір, Алматы – Минск – Харьков, Алматы – Свердловск – Мәскеу, Алма­­ты – Сочи және де басқа толып жатқан ішкі де сыртқы бағыт­­тар­да ұшып, қызмет еткенмін. ­Әуле­тіміздің ұзын саны 28 авиа­­тор шыққан. Әнуарымның әкесі Дәулет Хамзин де осы саланың үздік маманы. Әжесі мен әкесінің өмір жолындағы тә­жірибесін кішкентайынан бойына сіңіріп өскен Әнуа­рым­ның да бұл салада өзін-өзі танытатыны сөзсіз.
Тұңғыш немерем Әнуарым­ның әрбір жеткен жетістігіне, қадамына сүйсінемін. Қай жер­де жүрсе де қазақтың атын шы­ғарып, Қазақстан деген елдің ұланы екенін дәлелдейтініне сенемін. Анасы Ботагөздің үмі­тін ақтап, өзінен кейін өсіп келе жатқан бауырларының қамқор­шысы болуын күні-түні бір Алладан дұға етемін. Бұйыртса, үлкен тәжірибе жинақтап, елге қызмет ететін болады. Еліміздің әрбір түкпірінде жұмыс істейтін барлық қазақ балаларының дені сау, азамат атанып елген аман-есен келулеріне тілектеспін.

Марал ХАМЗИНА,
әжесі

Бөлісу:

1 пікір жазылған

Пікір жазу


*