Ұлттық тағамдар енгізуді ұсынды

606
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында мектептердегі тамақтану сапасын жақсартуға бағытталған «Мектеп асханалары» партиялық әлеуметтік жобасын іске асыруға ниет танытқан астаналық оқушылардың ата-аналарымен партия хатшысы Илья Теренченко кездесті.  Елордадағы ата-аналар қоғамдастығының өкілдері баста­ма көтеріп, партиялықтарға бірқатар ұсынастарын жеткізді.

Кездесу барысында ата-ана­лар мектептегі тамақтандыру са­ла­сын­да болып жатқан көптеген келең­сіздіктер туралы айтты. Мы­­салы, Астана мектеп­те­рінің бірінде куә­герлердің кө­зінше, түс­кі ас кезінде таңғы астан қал­ған тамақты басқа тағам түрінде беру үшін асхана қыз­ме­т­керлері қарақұмық бот­қа­сының қалды­ғын шелекке салып қойған. Сон­дай-ақ ата-аналар бас сұғуға мүм­кіндік алған асханаларда нан өнімдері, көкөніс пен жемістер ас мәзірінде болмай шыққан. Бас­та­машы топтың хабар­ла­уын­ша, олар­дың көпшілігінің өз ба­ла­ларын мектепте қалай тамақ­тан­дыратынын білгісі келген әре­­кет­тері сәтсіз аяқталып, бел­сен­ді­лер­ді асханаларға жібермей қойған. Жиын кезінде ата-аналар партия­лықтарға мектептердегі ас мәзі­ріне қазақтың ұлттық тағам­дарын енгізуді ұсынды. Ынталы топтың мүшесі Г.Омарованың ай­туынша, егер құрт пен ірім­­шік­ті ба­лаларға әдемілеп орап бер­се, оқу­­шылар пайдалы табиғи ­азық-түліктерді сүйсініп жейтін болады.
Басқосудың қорытындысы бойынша партия хатшысы Илья Теренченко белсенділердің кө­тер­ген мәселелерінің өзектілігі мен маңыздылығын атап өтіп, бас­­тамашы топ мүшелерінің 14 қаң­­тардан өз жұмысын бастайтын республикалық мониторинг тобы­ның құрамына енетінін ха­барлады. Оның айтуынша, «Мек­теп асханалары» жобасының шеңберінде ағымдағы жылдың 1 наурызына дейін партиялықтар мыңға жуық мектеп асханасына мониторинг жүргізуді жоспарлап отыр.
– Біздің мақсатымыз – бар­лық тараптарды қанағат­тан­дыратын ас мәзірін қалыптастыру, сондай-ақ мектептердегі та­мақ­тандыратын жерлерде өткізуге болмайтын азық-түліктің саты­луы­на жол бермеу. Келешекте партиялықтар елордада жи­нақ­таған тәжірибелерін өңірлік фи­лиалдармен бөлісетін болады, – деп мәлімдеді И.Теренченко.
«Мектеп асханалары» пар­тия­лық әлеуметтік жобасының шеңберінде мониторинг тобына «Нұр Отан» филиалының қыз­меткерлері, мектеп оқушыла­ры­ның ата-аналары, ҮЕҰ мен Білім беру министрлігі бөлім­шелері өкілдерінің енетінін атап өткіміз келеді.

Абылайхан ЖҰМАШ

Бөлісу:

Пікір жазу


*