Арынды Роббен

353
0
Бөлісу:

Келер маусымда басқа «Баварияны» көретін боламыз. Клуб басшылығы жазғы трансферлік терезеге бар жиған-тергенін сақтап отыр. Бұған себеп – Арьен Роббен мен Франк Риберидің мәлімдемесі. 35 жастағы жартылай қорғаушы мюнхендік клуб сапынан кетпекші. Кетпекші дейміз-ау, тіпті футболдағы мансабын аяқтауы мүмкін…

Сөздің басы – Бременде өт­кен жанкүйерлермен жүздесуде. Айтулы кеште клуб президенті Ули Хенесс Рибери мен Арьеннің биыл­ғы маусым командадағы соң­­ғы мерзімі екенін айтты. Көп өт­пей Роб­бен мәлімдеме жасады. Клуб­та он жыл өткізгенін, қа­лып­ты дең­гейді ұстап тұрғанын мақ­тан ете­тінін жеткізді. «Ба­ва­рияда» өт­кен он жыл тәтті есте­лік­терімен есте қалатынын да айтты.
Голландиялық ойыншының «Ба­варияға» сіңірген еңбегі өл­шеусіз. Ол – жұлдыздардан құ­рал­­ған клубта өзін көрсете біл­ген ойыншы. Ерте ме, кеш пе қа­лағанына қол жеткізе алаты­нын дәлелдеген футболшы. «Ба­ва­рияны» элиталы клубтардың қа­тарына қосуға маңдай терін төк­кендердің бірі.

Ең үздік голланд
Жаңа ғасырдағы ең үздік гол­ландиялық футболшы кім? Ұзақ жыл­дар бойы тұрақтылық таныт­қан Кларенс Зеедорф, Чем­пион­дар лигасында ең көп гол соққан Руд ван Нистелрой, әйгілі Уэсли Снейдер? Бұл жерден ортақ ше­шім табу қиын. Өйткені әркімнің өз қаһарманы бар.
Бізге қалғаны – алтын ара­лық­ты көрсету. Егер барлығының жиын­тығын алып қарасақ, жауа­бы – Арьен Роббен. Ойыншыға тех­ника мен алаңды оқу ше­бер­лігі бұйырмаған. Бірақ Роббенде қайсар мінез бар. Ол – нағыз ли­­дер, ойынды қолына алып, әде­­мі нүкте қоюға бейім фут­бол­шы. Оны көпшілік ойындағы жан­­кештілігі үшін құрметтейді.
Қазір Месси мен Ро­нал­дудан кейінгі үшінші ойын­шыны дәл атау мүм­кін емес. Кезінде Роб­бен жарақат ал­маса, үздік үштікті түйін­дері­не жанкүйерлер бәс тігуге бар. Ол он жыл бойы жо­ғары деңгейдегі ойын өр­не­гін көрсетіп жүр. Ен­дігі жо­лын қайда жал­ғастыратыны бел­гісіз. Голландиялық жаңа жұл­­дыздар әлі жар­қы­рай қой­мады. Сондық­тан Роб­бен жұлдызын ақ­қан­ша бақылай тұ­райық.

Жүйкесі темір ойыншы
Арьен Роббен – өзін ал­­дағы қиындыққа дайын­дай ала­тын футболшы. Оны алаңда құ­ла­туға болатын шығар. Бі­рақ сіз Роббеннің ішкі туын құ­лата ал­майсыз. Басына не кел­се де, мойы­мағаны талайды там­сандырды. Бұл тек оның бұрын­да­ры алған жарақатына бай­­ла­нысты емес.
Роббен елдің есінде Әлем чем­пионатындағы әрекетімен қал­ды. Арьен финалда Каси­льяс­пен бірге-бір беттессе де, мүм­кін­дікті іске асыра алмады. Араға төрт жыл салып, доп додасында құ­рама үшін соңына дейін күреседі. Гол­лан­дия чемпион бол­ма­ды демесеңіз, ол қо­лынан келгенін ар­тығымен жасады.
Өмірде бір қате­лік­ті екінші рет жа­са­ған ауыр тиеді. Роб­­бен чемпион­дық титул үшін «Бо­­руссиямен» өт­кен ойында пе­нальтиді орындай алмайды. Онсыз да са­лы суға кеткен Арьен­­нің жанына Не­­вен Суботич келе­ді. Қорғаушы Роб­бен­ге бірдеңелерді айтып, мінез көрсетеді. Жар­ты­лай қорғаушы шы­дам­дылық танытады. Роббеннің мұ­ны­сы талайды тәнті етеді. Сондықтан болар жанкүйерлер оны ұстам­дылығы үшін құрметтейді.
Кеткен қатені Чемпиондар ли­гасында түзеуге болар еді. Әт­тең. «Альянц-Аренада» Роббенге сан мәрте мүмкіндік беріледі. Теп­кен добының бәрі қиыс ке­те­ді. Қосымша уақытта «Бава­рия­ға» пенальти соғу бақыты бұйы­ра­ды. Өткен жолғыны түзеймін де­гені ме, Роббен пенальтиді өзі те­беді. Тағы да мүлт кетеді. Бұл оған да, клубқа да ауыр соққы бо­лады.
Осы жағдайдан кейін клубтан кету жайын да ой­лай­ды. Де­ген­мен жан­­­­күйер ал­дын­­­да дә­режесін дә­­лел­де­гісі келе­ді. Де­­ге­ніне жете­ді де. Бір ­жыл бұ­рын атар­­ға оқ тап­паған­дар, енді­гіде төбесіне кө­тереді. Бір кездері «Бо­рус­сия­ға» Бундеслиганы бер­генімен, жауапты трофейді «Ба­ва­рияға» тарту етеді. Финалдан соң өзінде бір ғана мотивация болғанын ай­тады. «Өзіме айттым: үш рет фи­нал­ға шығып, үшеуінде де жеңілуіңе болмайды. Роббенде Чем­пиондар лигасынан бас­қа­ның бәрі болды дегенді естігім кел­меді».
Ол дегеніне жетті. 89-минутта «Алянц-Аренаны» тік тұрғызды. Ай­құлақты трофейді 12 жылдан соң Мюнхенге алып келді. Бас­тысы, сағыңды сындырмасаң, бә­ріне қол жететінін дәлелдеді.

Мюнхендік «тонаушылар»
Роббен мен Рибериді жан­күйер бөліп жармайды. Соңғы он­жылдықтың үздік дуэтін Роб­бери деп атайды. Ереже қара­пайым: Рибери пас береді, Роб­бен соғады немесе керісінше. Екеуі­не қарсылас қақпасына тудырған қатер мен жаңылмас жүйе үшін «мюнхендік тонау­шы­лар» деп айдар таққан. Чем­пион­дар лигасының жартылай фи­на­лында «Манчестер Юнайтед» қақ­пасына, финалда «Борус­сия­ға» соққан гол қандай-ды. Жүйе­лі ұйымдасқан комбинация нә­тижесін берді. 2012 жылы «Ба­­­­вария» требл жасаған клубтар қа­тарына қосылды.
Роббери – клубтың Еуропада ер­кін қалықтауына жағдай жа­са­ған құрылым. Қос мықтының алаң­дағы әрекеті жанкүйер жа­дында. «Бавария» келесі мау­сым­да Робберисіз алаңға шығады. Сон­дықтан аңыздардың алаңда­ғы басқосуын жіберіп алмаңыз.

Тарих
35 жасар Роббеннің бұл – эли­талы клубтағы соңғы мау­сы­мы. Мансабын қайда жалғас­ты­ра­ры белгісіз. Мүмкін Ибра­ги­мо­вич тә­різді мұхит асып кетер. Болмаса ПСВ мен «Гронингеннің» бірін таң­дар, кім білсін? Білетініміз, Роб­бен күресуін жалғастырады. Өзін әлі де қайрай түседі.
Бір күні Роббенді «Ба­ва­рия­ның» бас кеңсесінен көрер­міз. Ол да Гвардиола, Анри секіл­ді бапкер боп қайта оралар. Десек те, Арьен – «Баварияның» ғана емес, әлем футболының аңызы. Құр­меттеуге тұрарлық футбол­шы.

Айзат АЙДАРҚЫЗЫ

Бөлісу:

Пікір жазу


*