Арменияда Пашинян қайтадан билікке келді

399
0
Бөлісу:

Армения үкіметі басшысының міндетін атқарушы Никол Пашинян 14 қаңтар күні елдің премьер-министрі болып тағайындалды. Аталған шешімді елдің президенті Армен Саркисян қабылдаған.

«Республика президенті Армен Саркисян Конституцияның 149 бабы 1 тармағы негізінде Никол Пашинянды премьер-министр етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойды» делінген хабарлама мәтінінде. Бұған дейін Пашинянның «Мой шаг» блогы парламенттің жаңа шақырылымындағы 132 мандаттың 88-ін иеленгені туралы ресми хабарланған.

Еске салсақ, үкімет басшысы 2018 жылдың 8 мамырында елде болған «Барқыт төңкерісінен» кейін билікке келді. Ол үкіметке нақты талаптар қойып, нәтижесінде президенттік билігін премьер-министр лауазымына ауыстырмақшы болған Серж Саргсянның жолын кескен болатын. Пашинян үкімет басшысы қызметін 16 қазанға дейін атқарды. Бұл мерзімнен кейін ол премьер-министрдің міндетін атқарушы позициясын ұстанды.

Пашинян бұл уақытқа дейін де Арменияның саяси өміріне белсене араласқан тұлға болып саналады. Ол 2012-2018 жылдары Армения ұлттық жиынының депутаты болып қызмет істесе, 2017-2018 жылдар аралығында «Елк» фракциясының жетекшісі болды.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*