АЙМАҚТАҒЫ ЖҰМЫС САРАЛАНДЫ

451
0
Бөлісу:

Атырауда «Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық филиалының өткен жылы атқарған жұмыстары туралы баспасөз мәслихаты өтті. Мақсаты партия филиалы­ның есепті мерзім ішінде атқа­рыл­ған жұмыстарын саралап, алда тұрған міндеттерін белгілеу болған іс-шарада биыл атқарылар істердің мазмұны мәлім болды.

Атырау қалалық партия фи­лиалы Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын қолдап, мақсатты міндеттерді жүзеге асыру үшін 2018 жылы «Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық филиалының Саяси кеңесі бю­росы, Саяси кеңес мүшелері, Аты­рау қалалық мәслихатындағы «Нұр Отан» партиясы депутаттық фрак­ция мүшелері, Сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері, Пар­тиялық бақылау комиссиясының құрамы және бастауыш партия ұйымдары бірқатар партиялық және идеологиялық жұмыстарды жүзеге асырды.
Баспасөз мәслихатында «Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әділбек Зайдуллин Елбасы Жолдауы халықтың әлеу­меттік әлеуетін арттырып, тұр­мысын жақсартуға арналғанын және Елбасының Жолдауын бастауыш партия ұйымы арасында насихаттау жұмыстары тұрақты жүргізілгенін айтты.
– «Нұр Отан» партиясы – бүгін халық сеніп, үміт артып келетін көшбасы партия. Айта кету керек, тиісті орындарға барып, олардан мардымды жауап ала алмағанды­ғын айтып, Атырау қалалық фи­лиа­лының қоғамдық қабылдауына көптеген қала тұрғындары келіп жатыр. Партиялық жобалар ая­сында арнайы республикалық және қалалық желілік кесте бе­кітіліп, жоба аясында түрлі іс-шаралар өткізілді. Оның ішінде «Ардагерлерді ардақтайық!», «Бақытты балалық шақ», «Кедер­гісіз келешек» партиялық жоба­лары аясында қайырымдылық акциялар өткізіліп, мұқтаж жан­дарға әлеуметтік көмек көрсетілді. Еліміздегі стратегиялық бағдар­ла­малық құжаттарды жүзеге асыруға жүйелі түрде қатысуға бағытталған «Нұр Отан» партиясының жаңғыру құндылықтарының жаршысы ре­тінде жаңа жобалары қолға алынып отыр. Соның ішінде «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы қалалық әкімдікпен бірлесіп, оқушылардың тамақтануын жіті бақылауға алмақ. Алдағы уақытта мектеп асханалары бірыңғай стандарт бойынша жасақталып, мемлекеттік-жекеменшік әріп­тестік бағытында сенімді кәсіп­керлердің қолына пилоттық жоба негізінде тапсырылмақ, – деді Әділбек Зайдуллин.
Баспасөз мәслихатында «Жас Отан» Жастар қанаты Атырау облыстық филиалының төрағасы Ринат Ғилажев Елбасының Жарлығымен Жастар жылы деп бекітілген биылғы жылды жастар үшін жауапкершілік жылы деп мәлім етті. «Осы жылы жаста­ры­мызды биік белестерден көргіміз келеді. «Нұр Отан» пар­тиясы «Жас Отан» Жастар қанаты жастарды дамыту бағытында жаңа жобалар мен кешенді шаралар жоспарлары дайындалды.
Биыл аудан орталықтарында English for Jastar жобасы жүзеге асады, ауыл жастарының тегін ағыл­­шын курсын меңгеруге мүм­кін­дік. Жас саясаттанушылар клу­бы­ның жұмысын дамыту, қала-ау­дандарда жастардың саяси са­уат­ты­лығын арттыра отырып, қо­ға­мы­мыз­дың кейбір мәселелерін шешуге атсалысу мақсатымыз бар», – деді ол.

Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ, Атырау облысы

Бөлісу:

Пікір жазу


*