ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕ ОҢТАЙЛЫ ШЕШІЛУДЕ

338
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының ықпалымен тұрғындардың әлеуметтік мәселелері оңтайлы шешіліп жатыр. ІІ топ мүгедегі Жадыра Арипова ата-анасынан ерте баста айырылған. Жеңгелерінен қорлық көріп, үйінен кетіп қалған, барар жері қалмаған. Жүкті болып, тұрғылықты баспанасы болмай, қыс ауасында далада қалғанын айтады. Уақытша баспанамен қамтамасыз етуді сұрап, «Нұр Отан» партиясы филиалына келген. 

– Мені мүгедек деп, ешкім жұ­мысқа алмайды. Базарда, жеке аза­маттардың қолында әртүрлі ауыр жұмыстарды істеп, күнімді көрдім. Аяғым ауыр болғаннан кейін ауыр жұмыстарды істей алмай, жалға алып отырған пә­те­рімнен де айрылдым. Барар жерім қалмағаннан кейін «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесіне келіп, уақытша бас­панамен қамтамасыз етуді сұра­дым. Партиялықтар «Аналар үйі­не» орналастырды. Енді еш­теңеге алаңдамай, бала бо­са­нуыма бола­ды, – дейді Жадыра Арипова.
Шымкент қаласы әл-Фараби ауданының тұрғыны Анатолии Фисунов №4 Сауықтыру және оңалту орталығында 2016 жылдан бері тұрады. Соңғы кезде денсау­лығы сыр беріп, қоғамдық қабыл­дау бөлмесіне келіп ауруханаға жа­тып емделу, мүгедектікке өткізу бойынша өтініш білдірді. Пар­тиялықтардың көмегімен толық медициналық зерттеуден өтіп, құжаттары бүгінгі таңда дәрігерлік-еңбек сараптама комиссиясы қарауында.
«Нұр Отан» партиясы Шым­кент қалалық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Бақтыбай Әліпұлының айтуынша, партияға тұрғындар көбінесе әлеуметтік мәселелер бойынша көмек сұрап келеді.
– Былтыр 919 арыз-шағым келіп түскен болса, оның басым бөлігі әлеуметтік көмекке мұқтаж­дық, жұмысқа орналасу, заңсыз жұмыстан шығару, еңбекақы өндіру мәселелеріне байланысты. Арыздың 78,2 пайызы оңтайлы шешіліп, 126 заң аясында кеңес бе­­рілген. Биыл келіп түскен 48 арыз-шағымның 13-і оңтайлы шешіліп, 27 заң аясында кеңес берілді,
8 арыз-өтініштің қаралу мерзімі бар, – дейді Бақтыбай Әліпұлы.
Партиялықтар азаматтардан келіп түскен барлық арыз-шағым­дарды үнемі назарда алып отырып, олардың уақытылы және оңтайлы шешілуіне ықпал жасап жатыр.

Назгүл НАЗАРБЕКОВА, Шымкент қаласы

Бөлісу:

Пікір жазу


*