ЖАСТАРҒА ҮЛГІ ТҰЛҒА

920
0
Бөлісу:

Биыл саяси жұмыс әдістерімен азаматтық қоғамның дамыған институттары, қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті саяси жүйесі бар экономикалық мықты, демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құруға қол жеткізуді  мақсат еткен көшбасшы партияның құрылғанына – 20 жыл. Осы жылдар еншісінде «Нұр Отан» партиясы мүшелерінің қатары толығып, олардың алды ел таныған тұлғалар болып, еліміздің өркендеуіне қызмет етіп жатыр. 

Бүгін көшбасшы партияның алға қойған мақсаттарына жа­уапкершілікпен қарап, еліміздің жан-жақты дамуына арналған жобалардың жүзеге асуына ат­салысып жүрген халық қалау­лылары баршылық. Олардың еңбектері өздерінің тұрғылықты жеріндегі сайлаушылары ал­дында өтуде. Сондай жанның бірі – Әлібек Семғалиев. Ма­ман­дығы мұнайшы, меценат, Атырау қалалық мәслиxатының депу­таты, жоғары дәрежелі ма­ман. Оның шебер ұйымдас­ты­ру­шы­лық қабілеті мен жауап­кершілік тұрғысынан талап­шылдығы – өзгеге үлгі боларлық қасиет.
Кейіпкеріміздің мұнай-газ ұңғымаларын салу және мұнай-газ кен орындарын игеру сала­лары бойынша екі жоғары білімі бар. Еңбек жолын 2000 жылы «Сазанқұрақ» ЖШС операторы лауазымынан бастап, жоғары басшылық қызметке абыроймен келгені оның еңбексүйгіштігінің дәлелі десек артық емес. Өзі жо­­ғары лауазымдық қызмет ат­қа­ратын «Сазанқұрақ» ЖШС-ны «Пайдалылық», «Корпо­ра­тивтік және әлеуметтік мін­дет­темелер» көрсеткіштері бо­йын­ша «Қазақ­станның көшбасшы компа­ния­сы» құрметті атауына лайық деп танытуда еңбек сіңірген азамат.
Әлібек Семғалиев еңбек жо­лында өзінің еңбекқор­лы­ғына сай 2013 жылдың қоры­тындысы бойынша «Қазақ­стан­ның үздік техникалық қыз­мет­кері» құр­мет­ті атағына ие болып, ҰТБ нұс­қасы бо­йын­ша «Жыл маманы» атауында Ұлттық сертификатпен мара­патталды. Оның марапат­тары­ның ішінде Атырау облысы әкімінің алғысхатын, Атырау об­лысы Исатай ауданы әкім­ді­гінің «Жылдың үздік мұнай­шы­сы» атауындағы сертифи­ка­тын және 2007 жылы ие бол­ған «Жыл меценаты» құрметті төс­бел­гісін ерекше атап өтуге болады.
2017 жылдан бастап облыс­тық Кикбоксинг федерация­сы­ның басшысы. Қаржылай және моральдық тұрғыдан жасақтап, жеңіс додаларына сынға салып отырған команданың жанкүйері.
Мұнай саласы мамандығын таңдап, осы салада абыройлы еңбек етіп жүрген Әлібек Аман­жанұлы өміріндегі басты мақса­ты – мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, олардың қоғамда орын тауып кетуіне бағыт сілтеу.
2017 жылы спортты дамытуға 2 млн 715 мың теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсет­кен. Бұдан басқа әлеуметтік са­ла­да мұқтаждық көргендерге 5 млн теңгеге жуық қаржылай кө­мек көрсетіп, тағдырлы жандар­дың жадырауына себепші болды. Әсіресе, атыраулықтар Әлібек Аманжанұлының «Бақытты балалық – бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында жалғызбасты әкеге үйдің кілтін тапсырған сәтін ұмытпайды.
Басшылық қызметімен бірге «Нұр Отан» партиясының Аты­рау қалалық мәслихат депутаты қызметін жауапкершілікпен атқарып, жеке қабылдауына келген әрбір азаматқа моральды, материалдық қолдау көрсетіп жүрген Ә.Семғалиевтың облыс тұрғындары алдында, әсіресе, жастар алдында беделі жоғары. Оған ұқсағысы келетін, адам­дарға жақсылық жасап, көшбас­шы партияның халықтың ахуа­лына жақсы әсер етіп, қоғамда ізгілік атаулының салтанат құруына қолтаңбасын қалдыр­ғысы келетіндер көп.
Атырау қалалық мәслиха­ты­ның депутаты Әлібек Семғалиев: «Нұр Отан» партиясы алғашқы құрылған күнінен бастап тың бастамалар көтеріп, жауапты шешімдер қабылдауға ұйытқы болып келеді. Партия – елмен етене байланысып, халықтың мүддесін жеткізіп жүрген бірден-бір қоғамдық ұйым. Бүгінде «Нұр Отан» партиясы халықтық партия екенін әр жаңа жобаның жүзеге асуымен дәлеледеп келе жатқанына куәміз. Партия сөздің емес, істің партиясы екеніне дәлел болатын жұмыстар жетіп артылады. Партияның жиырма жылдық тарихында сан тараулы жұмыстар атқарылып, халық игілігін көрді және ке­лешекте де солай бола береріне сенімдімін. Өткен жылы бастау алған жаңа жобалар қазір xалық игілігіне қызмет етіп жатыр. Әсі­ресе, ІТ сыныптардың ашылуы, кітапxаналардың жаңа форматқа көшірілуі қазақстандықтардың зор қолдауына ие болды.
Сайып келгенде, «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығының биылғы Жастар жылымен қатар келуі, еліміздің жастары үшін тың серпіліс болады деп күтіледі.

Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ, Атырау облысы

Бөлісу:

Пікір жазу


*