Ақбөкенге араша түскен инспектор Ерлан Нұрғалиев қаза тапты

979
2
Бөлісу:

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі Сәкен Қалқаманов үш күн бұрын «Охотзоопромның» екі инспекторы браконьерлерді ұстау барысында ауыр жараланғанын жазған еді. Оқиға Қарағанды ​​облысы Нұра ауданында сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген жабайы аңдар мен ақбөкендерді қорғау кезінде болған.

«Бүгін таңертең «Охотзоопром» инспекторы Ерлан Нұрғалиев өмірден озды. Ол 13 қаңтар күні Қорғалжың даласында айуандық танытқан 3 браконьермен айқастан кейін өмірі үшін соңына дейін күресті. Қаза тапқан азаматтың отбасына қайғыра көңіл айтамын. Ол өмірінің соңына дейін Қазақ даласының символына айналған киіктерді қорғау жолындағы борышын адал атқарды. Ерлан Нұрғалиев сынды инспекторлардың күш-жігерінің арқасында 2015 жылы жаппай қырылған киік саны 215 мың басқа дейін көбейді», – деп жазды Сәкен Қалқаманов. Ерлан Нұрғалиев Ақмола облысында дүниеге келген. Мамандығы – дене шынықтыру және әскери дайындық оқытушысы. 2012 жылдың наурызынан бастап «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Қарағанды тірек пунктінде Орталық аймақтық филиалдың инспекторы қызметін атқарған.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу:

2 пікір жазылған

  1. Байдалы 17 Қаңтар, 2019 at 15:19 Жауап

    Алдынан жарылқасын. Топырагы торқа болсын. Ал ана жигиттердин өз бауырының Казах тын канын мойыны на жуктегени адамгершиликке жатпайды. Ол табиғаты қорғады жер ананы қорғады.

  2. Камшат Шаяхметова Кенжеканкызы 19 Қаңтар, 2019 at 22:00 Жауап

    Алдынан жарылқасын! Ерлан ағамыз нағыз ер екен. Осындай елін, елінің табиғатын жан-тәнімен сүйетін ағаларымыз көбейе берсін!

Пікір жазу


*