Білікті маман тапшы

575
0
Бөлісу:

Өткен жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде ауылдық жерлерде тиімді еңбек идеологиясын қалыптастыру мен ілгерілетуді көздейтін «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасының іске асырылуы және «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасына өзгерістер енгізілген болатын. Кеше «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында өткен партия жанындағы «Мирас» республика­лық кеңесінің отырысында осы мәселелер қаралды.

Кеңесте «Мирас» республи­калық кеңесінің төрағасы, Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан, Қо­ғамдық даму вице-министрі Жұлдыз Омарбекова, Ауыл шаруа­шылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев, қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы, Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев сөз сөйлейді.
Кездесуді ашқан кеңес төр­аға­сы Бекболат Тілеухан өткен жылғы «Мирас» компаниясының жұмы­сын қорытындылады және ауыл­дық жерлерде тиімді еңбек идео­логия­сын қалыптастыруды, оны ілгері­летуді көздейтін «Ауыл – ел бесігі» жобасының маңызына тоқталды.
Дөңгелек үстел барысында сөз алған Мемлекеттік даму вице-министрі Жұлдыз Омарбекова өткен жылдың желтоқсан айының соңында Үкімет «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың жаңа жоспары жөнінде, оған енгізілген өзгерістер туралы айтты. Ол сонымен қатар қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру жұмыстары тиісті деңгейде жүріп жатқанын атап өтті.
Жиында Ауыл шаруа­шылы­ғының бірінші вице-министрі Ар­ман Евниеев «Ауыл – ел бесігі» жо­­басының маңыздылығын айта келе, ауыл-аймақтарды дамыту мәсе­лесіне ерекше көңіл бөлу кере­гін, ауылдық жерлерде білікті ма­мандардың тапшылығын тілге тиек етті. Ал қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы мемлекеттік тілдің мәрте­бесін көтеруге, хал­қымыз қазақ ті­лінде сөйлеу керегін алға тартып, оның қолданыс аясын одан ары қа­рай кеңейе түсетін кез келгенін жеткізді.
«Мирас» кеңесі отырысының өзге қатысушылары да ауыл-ай­мақ­ты дамыту туралы пікір біл­діріп, ұсыныстарын ортаға салды.
Кеңес отырысын қорытын­ды­лаған Бекболат Тілеуханов ма­ңызды мәселелер қаралған келелі жиында айтылған ұсыныстар тиісті мемлекеттік органдарға шешім шығару үшін жолданатынын мә­лімдеп, жиынға белсене қатысқан кеңес мүшелеріне алғыс білдірді.

Абылайхан ЖҰМАШ

Бөлісу:

Пікір жазу


*