КІТАПТАН АЖЫРАМАЙЫҚ

610
0
Бөлісу:

«Жас Отан» Жастар қанаты Атырау облыстық филиалының ұйымдасты­руы­мен Bilim Ortalygy партиялық жобасы аясында Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының негізінде ашылған білім орталығында ашық есік күні өтті.

«Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай өткізілген ша­раның мақсаты – жастарды кітап оқуға баулу, заманауи негізде жабдықталған жаңа фор­маттағы кітапханаларға жас­тардың көп шоғырлануына мүмкіндік жа­сау. Бұл жерде әр санаттағы жастар­дың әртүрлі жобаларын, іс-шара­ларын жү­зеге асыруға толықтай мүм­кіндік жа­салған. Сонымен қа­тар орта­лықта жастарға жаңа шы­ғар­ма­лар мен туындыларды та­нып бі­луге, кітапқа деген құш­тар­лы­ғын арттыруға жағдай жасалған.
Ашық есік күні аясында Ғ.Сла­нов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында арнайы көрме ұйымдастырылып, жастарға жаңа оқулықтар мен туындылар таныстырылды. Со­нымен қатар шараға келушілер Жастар жылына арналған көр­мені де қызықтауға мүмкіндік алды. Кітапхана қыз­меткерлері жастар тарапынан қо­йылған сауалдарға кітап қоры, оқу залдары мен электронды оқу залдарын таныстыру барысында жауап берді.
Тағылымды шара «Жеті жар­ғы» шешендік өнерді дамытуға ар­нал­ған тренингпен жалғасты. Жас­тар­дың кітапханаға келудегі қызы­ғушылығын ояту үшін не істеуге болатыны сөз болған тренингте жастар өз ойын ортаға салды. Олардың басым бөлігі әлі де болса заман ағымына қарай электронды смартфон пайда­ла­ну керегін жеткізсе, ой-санасы өзгеше қа­былдайтын жастар жағы кітап­ха­на­ларда шетелдік авторлардың әр­түрлі жанрдағы шығармалары (бес­тселлер) жоқ екенін айтып өтті.
Мақсатына сай маңызды тақы­рыптарды қамтыған іс-ша­рада «Заманауи қазақстандық білім берудегі мұғалімнің мәр­те­бесі» тақырыбы қозғалды. Ша­рада облысымызға белгілі, бе­делді білім және ғылым са­ласының про­фес­сор-оқыту­шы­лары қатысты. Тарих ғылымда­рының докторы Л.Бер­діғожин, педагогика ғылым­да­рының кандидаты Ш.Нағымов, Х.Дос­мұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Педагогика кафедра-зертхана­сының доценті А.Сабыров, Аты­рау инженерлік-гумани­тарлық инс­титутының проректоры С.Қасе­нов, №30 дарынды ба­лаларға арналған үш тілде білім беретін мектептің тарих пәнінің мұғалімі Мәнет Өтепқалиева, қалалық мәслихат депутаты Ри­нат Ғилажев қатысып, «Педагог мәртебесі тура­лы» заң жобасын талқыға салып, ұсынысын берді. Жиынға қатыс­қан жас мамандар да ой-пікірін білдірді.
«Жас Отан» ЖҚ Атырау об­лы­сы филиалы төрағасы Ринат Ги­лажев: «Мұндай кешенді шара­лар облыс бойынша орна­ласқан 10 Bilim Ortalygy кітап­ха­насында жүзеге асып келеді. Мақ­саты – орталыққа жастар­дың көп келуін қамтамасыз ету. Себебі, жастар қолына кітап ұстап, бетін ашудан алшақтап кет­кен. Осындай орта­лықтар­дың әртүрлі форматта ұйым­дастырылған шаралары жас­тардың кітапқа деген қызы­ғу­шылығын оятуға бірден-бір мүм­кін­дік береді», – деді.

Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ

Бөлісу:

Пікір жазу


*