40 жастағы Пакьяо чемпиондық атағын қорғап қалды (видео)

1202
0
Бөлісу:

WBA тұжырымы бойынша жартылай орта салмақта әлемнің «тұрақты» чемпионы филиппиндік Мэнни Пакьяо өз титулын сақтап қалды.

40 жастағы Пакьяо америкалық 29 жастағы Эдриен Бронермен кездескен болатын. Бронер төрт дивизион бойынша чемпион боксшы. Жекпе-жек Лас-Вегаста өтті. Пакьяо-Бронер кездесуі MGM Grand аренасындағы бокс кешінің басты жекпе-жегі ретінде ұйымдастырылды. Кездесуді америкалық Showtime телеарнасы ақылы трансляция жүйесі бойынша таратты.

Жекпе-жек толық 12 раундқа созылды. Нәтижесінде төрешілер бірауыздан жеңісті филиппиндік боксшыға берді. Еске салсақ, Пакьяо сегіз салмақ категориясы бойынша титулдар жеңіп алған жалғыз боксшы болып саналады.

Мэнни осы күнге дейін кәсіпқой шаршы алаңда 70 жекпе-жек өткізіп, оның 61-інде жеңіске жеткен, 39-ын нокаутпен жеңген. Жеті рет жеңіліп, екі мәрте тең түскен.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*