Колумбиялық футболшы бір матчта 4 гол салып, Роналдуды қуып жетті (видео)

440
0
Бөлісу:

Италияның А сериясындағы бомбардирлер бәсекесі қыза түсті. «Аталанта» футболшысы колумбиялық Дуван Сапата покер жасап, көзге түскен.

Италия чемпионатының 20 туры аясында «Аталанта «мен «Фрозиноне» арасындағы кездесу ірі есеппен, бірінші команданың жеңісімен аяқталды. 27 жастағы Дуван Сапата қатарынан төрт гол соқса, тағы бір допты Джанлука Манчини салды.

Шабуылшы Сапата жеті матчта қатарынан гол соғып, командасын алға сүйреп келеді. Еншісіне 14 гол жазған ол дәл қазіргі таңда бас мерген Криштиану Роналдумен теңесті.

«Аталанта» қазір 31 ұпаймен алтыншы орында келе жатыр.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*