Роналду бұрынғы командаласы Марселоны «Ювентусқа» келуге көндірді

416
0
Бөлісу:

Туриндік «Ювентус» командасының шабуылшысы Криштиану Роналду бұрынғы командаласы Марселоның трансферін жүзеге асыруға көмектескісі келеді.

Дерек көзінің хабарлауынша, португалиялық футболшы 30 жастағы бразилиялық қорғаушымен өте жақын араласады және оның «Ювентус» ойыншысы атануын қалайды. Екеуі Мадридте жүрген уақытта да жақсы тандем бола білген. Олардың алаңдағы түсіністігі, бірлесе жүзеге асырған комбинациялары әлем жанкүйерлерінің таңдайын қақтырған.

Бразилиялық футболшы соңғы уақытта ойын тәжірибесіне сирек ие болуда. Алаңға жиі шықпаған қорғаушы клуб ауыстыруды да ойластыра бастаған сияқты. Тиісінше, Роналдудың ақылына құлақ түріп, туриндік командаға баруды да жоққа шығармайтын көрінеді. Алдағы уақытта «Ювентустің» бас бапкері қызметіне Зинедин Зиданның келуі мүмкін деген ақпарат та бұл трансферді жылдам іске асыруы ықтимал.

Биылғы маусымда Марсело «Реал» сапында 17 матчқа қатысып, 3 гол соқты.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*