Роналду Араб Әмірліктеріне, Салах «Энфилдтен» кетеді. Басқа да футбол жаңалықтары

926
0
Бөлісу:

Don Balon мәліметі бойынша, 33 жастағы португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду «Ювентус» сапынан кетіп, Біріккен Араб Әмірліктерінің клубына ауысуы мүмкін.

Арабтар әйгілі ойыншыға қазіргі жалақысынан екі есе көп қаржы ұсынып отырған көрінеді. Яғни, «Алтын доптың» бес дүркін иегері БАӘ-ге барар болса жылына 60 миллион еуро табыс табады.

Азиялық мемлекет Роналдуды осы жазда өз қатарларына қосуға дайын. Дерек көзінің ақпаратынша, Роналду БАӘ-нің корольдік отбасы мүшелерімен жақсы қарым-қатынаста екен. Биылдыққа ол А сериясында 19 матчқа шығып, 14 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді.

Soccer Football – Champions League Semi Final First Leg – Liverpool vs AS Roma – Anfield, Liverpool, Britain – April 24, 2018 Liverpool’s Mohamed Salah celebrates scoring their first goal Action Images via Reuters/Carl Recine

«Ливерпуль» шабуылшысы Мұхамед Салах клубтан кетуі мүмкін.

Сенімді дерек көзінің мәліметінше, 26 жастағы футболшы клуб басшылығына қатаң талап қойған. Футболшының талабы бойынша, клуб «Ред Булл Зальцбург» шабуылшысы Мунас Даббураны сатып алмауы тиіс. Салах өзінің діни сеніміне байланысты израилдік ойыншыны клуб сапынан көргісі келмейді екен.

Бұған дейін Салах А сериясында да ойнаған кезінде антисемитизмдік (еврей ұлтын жақтырмау) қылығымен көзге түскен екен. Егер клуб Салахтың пікірімен санаспайтын болса, мысырлық футболшы «Энфилдтен» кетуге дайын.

Осы маусымда шабуылшы «Ливерпуль» сапында 25 матчқа қатысып, 14 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді. Оның келісімшарты 2020 жылға дейін.

 

Алматылық «Қайрат» футбол клубы оңтүстік кореялық ойыншы Хан Чжон Вудың команда сапына қосылғанын жария етті. Ву футболмен 9 жасынан бастап айналысқан. Сеул қаласының тумасы. Ол алаңның кез келген аймағында еркін ойнай алады. Қазіргі таңда 19 жасқа дейінгі Корея құрамасында ойнайды.

Ву – «Қайраттың» осы маусымдағы төртінші жаңа ойыншысы. Бұған дейін алматылық клуб сербиялық қорғаушы Раде Дугалич, польшалық жартылай қорғаушы Конрад Вржещиньский және «Ордабасы» қорғаушысы Еркебұлан Тұңғышбаевтармен келісімге келген еді.

«Манчестер Юнайтед» бас бапкерінің міндетін атқарушы Уле-Гуннар Сульшер өзі келгелі бері сегіз мачтағы сегізінші жеңісін олжалады. «Қызылдар» Англия кубогының 1/16 кезеңінде «Арсеналды» 3:1 есебімен айқын жеңді.

«Фантастика. Біз кубоктық кезеңді одан әрі жалғастырамыз. Біз ең қиын матчтардың бірін өткіздік. Нағыз команда екенімізді танытып, барынша ұйымшыл ойын көрсеттік. Әсіресе, қорғаныс пен қарымта шабуылда жақсы ойнадық. Қарымта шабуыл – «МЮ»-дің сүйікті әдісі. Бұрынғы жылдары осы әдіспен Роналду, Руни, Пак Джи Сундар «Арсеналға» талай рет гол соққан» дейді Сульшер.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*