Бюджеттік әуекомпанияның дамуына не кедергі?

554
0
Бөлісу:

Егер авиациялық заңнамаға тиісті түзетулер енгізілмесе, болашақ бюджеттік әуекомпаниялардың келешегі бұлыңғыр болуы мүмкін.

Мемлекеттің қатаң реттеу саясаты төмен бағалы әуетасымалы саласының дамуына кері әсерін тигізіп отыр. Дәлірек айтсақ әуекомпаниялар өз бетімен тариф бағамын құруда үлкен кедергілерге тап болады. Оның ішінде қайтаруға болмайтын билеттер, тегін және ақылы жүк тасымалдау нормалары құрсау болып тұр.

Дамыған елдерде жайлылық пен қажет емес қызметтерді  ысырып тастап арзанырақ ұшу мүмкіндігі баяғыдан жоғары сұраныста. Қазақстанда лоукостерлік компанияның қағаз жүзінен әлі іс жүзіне өтпегендіктен отандастарымыз мұндай қызметті тек шетелде пайдаланады.

Бюджеттік әуекомпания қызметінің классикалық бизнес-моделі қарапайым: Лоукостер тек ұшуға мүмкіндік береді, қалған қызметтерді жолаушылар өздері таңдап, төлейді.

Қазіргі заңнамаға сәйкес біздің елімізде барлық әужайлар жолаушылардан біркелкі алым алады. Ол алым авиабилет құнына кіреді. Оны салт жүрген не жүгі бар жолаушы да бірдей төлейді. Әдеттегі әуетасымалдаушылар үшін ол бәрібір. Олар өз билет бағасына сервистік қызметті қосады. Бірақ бюджеттік тасымалдаушы туралы олай айта алмаймыз. Олардың мақсаты әутасымал бағасын төмендету арқылы жолаушы тасқынын ұлғайту. Болашақ лоукостер үшін Қазақстандағы міндетті әуежай алымдарын төлеу шарттары объективті бола қоймайды. Өйткені Астанаға бірнеше сағатқа ұшпақ жолаушы өзімен бірге тек портфелін алса, ол елордаға бір зілдей шабадан алып жүрген басқа жолаушының жүгі үшін төлейтіні айдан анық.

Қорытындылай келе, заңнамалық шектеулердің кесірінен Қазақстанда бюджетті әуекомпаниялар дәстүрлі әуетасымалдаушылармен бәсекелесе алмайды. Өйткені қосымша төлемдер мен өтелмейтін тарифтерді еңгізу лоукостерлер үшін аса маңызды болса да, осыған елімізде толықтай рұқсат берілмей тұр.

Лоукостер билетінің өзіндік құны төмендегілерден құралады:

  • Әуе кеменің жоғары дәрежеде жүктелуі

  • Билеттердің интернет арқылы сатуы және туристік мекемелерге комиссияның жоқтығы

  • Қосымша әуежайларды қолдануы

  • Бірыңғай класс орындардың болуы (эконом-класс)

  • Әуекемеге жердегі техникалық қызмет көрсету мерзімінің қысқалығы

  • Қосымша қызметтердің (жүк, борттағы тамақтану немесе орын таңдау және т.б) тасымалдау базалық құнынан шығарылуы

  • Түйісу рейстердің болмауы

Айта кетейік Қазақстанда жүксіз тарифтер Wizz Air әукомпанисының Астана-Будапешт, Air Arabia-ның Алматы-Шарджа, Fly Dubai-дың Алматы-Дубай бағыттарында бар. Әғни, сол баяғы халықаралық рейстерде…

А.Ахметқазы

Бөлісу:

Пікір жазу


*