ЖОБА АЙМАҚТАРДА ЖАЛҒАССА…

278
0
Бөлісу:

Елбасының қатысуымен салтанатты түрде өткен Jastar jyly ашылуында Нұрсұлтан Назарбаев Астана, Алматы және Шымкентте жұмыс істейтін жас­тар үшін жылына бір мыңнан кем емес пәтер салуды тапсырды.

«Жалға берілетін тұрғын үй секторы» сияқты бірқатар жо­балардың жүзеге асырыла бас­тайтыны белсенді және жалпы жастар үшін өте қуанышты жа­ңалық. «Жалға берілетін тұр­ғын үй секторын дамыту – әлемдік тәжірибе.
Елбасы Кеңес одағында халықтың пәтерге байланып қалатыны туралы, пәтер мем­лекеттікі болғасын ешқайда кете алмайтыны туралы және басқа жерде ешкім азаматқа баспана бермейтіні жайлы айтып кеткен болатын. Жастарды баспанамен қамту мәселесін, ең алдымен, мил­лион халқы бар үш қаладан бастауды тапсырған Елбасы бо­лашақта мұндай шаһарлардың қа­тары көбею керегін де атап өтті. Жоба республикалық ма­ңы­­зы бар қалалардан басталып, Қостанай және қалған аймақ­тар­ға да таралады деп үміттенеміз.

Әлібек МҰХАМЕДЖАНОВ,
«Жас Отан» Жастар қанаты Қостанай облыстық филиалының төрағасы

Бөлісу: