Турфирмалар туристерді 2 жылда 153 млн теңгеге алдады

482
0
Бөлісу:

2017-2018 жылдары 200-ден астам қазақстандық туристер оннан астам алаяқ-компаниялардың құрбаны болып, 153 млн теңгеден астам сомаға алданды. Бұл туралы «Туристік Қамқор» Корпоративтік Қор баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, 2017 жылы турфирмалар тарапынан алаяқтық іс-әрекеттердің 4 жағдайы тіркелген. Оннан астам адам 16 млн теңгеден астам зиянмен жалғыз-турфирмалардың заңсыз іс-әрекетінен зардап шекті.
Мысалы, 23 жасар кәсіпкер 2017 жылғы сәуірде Instagram арқылы турларды сатуды ұйымдастырып, алдау жолымен төрт жәбірленушіге Доминикан Республикасына және Біріккен Араб Әмірлігіне төмен бағамен жалпы 4,4 млн теңге сомасына турларды уәде еткен.
Сол жылдың тамызында туристік жолдамаларды ұсынып, 10 млн теңгені алдау жолымен иемденген Астанадағы туристік компания басшысын қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы полицияға өтініш келіп түсті.
Сәл кейінірек, қазанда астаналық турфирманың бас директоры жауапкершілікке тартылды. Шетелге турды ұсынып, ер адам алдау жолымен астананың 57 жасар тұрғынының 1 млн астам теңге сомасын иемденген.
Тура сол айда Чехияға билет сатып алған, күйеуімен турфирманы таңдаған әйел адам полицияға жүгінді. Ұшар қарсаңында оларға турфирмада белгілі проблемалар туындағаны хабарланды. Әйел адам олардың билеттерінің броны жойылғанын аңғарды. Кейін турфирманың алаяқтық іс-әрекеттерінен басқа құрбан шеккендер де полицияға арызбен жүгінді. Директор тұтқындалды.
Сонымен бірге, 2018 жылы 200 адам 7 турфирманың және олардың менеджерлерінің алаяқтық іс-әрекеттерінен жалпы сомасы 137 млн теңгеге жәбірленді.
Атап айтқанда, шілденің өзінде турфирмалар тарапынан алаяқтықтың 4 фактісі тіркелді.
Мысалы, Алматыдағы туристік компания 30 қазақстандықты 19 млн теңгеге алдаған. Фирма Түркияға жолдамаларды арзан бағамен сатқан. Зардап шеккендердің сөздерінше, оларға қонақ үйде брон расталмағаннан кейін күмән туындай бастаған.
Тура сол айда Алматыда турфирманың алаяқтық іс-әрекеттерінен 10 адам зардап шеккен. Шығын сомасы 10 млн. теңгеден асты.
47 үндіс турисі Қазақстанға келмек болып, құжаттарады ресімдеу міндетін алған фирмаға 5 млн теңге төлеген. Кейін анықталғандай, фирма оларға визаны рәсімдемеген болып шықты, ақшаны да қайтармаған.
Ал қыркүйекте Өскеменде 60-тан астам адам турмкомпаниялардың іс-әрекеттерінен зардап шекті. Директорға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Келтірілген шығын сомасы 30 млн теңгені құрады.
Қазан айында 50 адам алаяқ компаниядан Оңтүстік Кореяға тур сатып алды. Зиян шеккендер тиісті арыздарымен полицияға жүгінді. Келген шығынның жалпы сомасы – 17 млн теңге.
Желтоқсанда Ақтөбеде турфирма менеджері 56 млн теңгені жымқырып, қашып кеткен. Компания өкілі сотта өздерінің кінәсі жоқ екенін мәлімдеді. Олардың менеджері клиент ақшаларымен қашып кеткен болып шықты. Турфирманың өзі зардап шегуші жақ болып, менеджерді сотқа берді. Ол халықаралық іздеуде.

Бүгінгі таңда «Туристік Қамқор» тізімінде 49 туроператор тіркелген, олармен fondkamkor.kz сайтында танысуға болады. Қазақстанда туроператорлық қызметті жүзеге асыратын шамамен 140 компания жұмыс істейді.

Асқар Ахметқазы

Бөлісу: