Бастауыш партия ұйымы бас қосты

444
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясы Кентау қалалық филиалы «Кентау трансформатор зауыты» бастауыш партия ұйымында «Нұр Отан» партиясының 20-жылдығы қарсаңында жиналыс өткізілді.

Бастауыш партия ұйымының жиналысына, «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов, Кентау қаласының әкімі Ғани Рысбеков, «Нұр Отан» партиясы  Кентау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сағынбек Асылбеков, бастауыш партия ұйымының мүшелері, партия ардагерлері, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері және  басқалар қатысты.

Партияның 215 мүшесі қатысқан жиналысты бастауыш партия ұйымының төрағасы, «Кентау трансформатор зауыты» АҚ Басқарма төрағасы Қожабаев Хайрулла Байділдаұлы ашып, күн тәртібіндегі  «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы» аясында өтетін «Жасампаздық және әлеуметтік даму кезеңі», партияның 2030 жылға дейінгі Бағдарламасы жобасының негізгі ережелерін талқылау, «Нұр Отан» партиясы Кентау қалалақ филиалының кезектен тыс XXХVI конференциясына делегат сайлау мәселелері қаралды.

Жиналыста баяндама жасаған «Кентау трансформатор зауыты» бастауыш партия ұйымының мүшесі Мейраш Валихан:

«Тәуелсіздік жылдарында қоғамымыздың барлық Қазақстандықтарды біріктіретін және елдің баянды болашағына берік ірге тас қалайтын басты құндылықтары қалыптасты. Олар «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясының негізіне айналып «Нұр Отан»партиясының жаңа саяси доктринасында бекітілді. Партия мен оның барлық жақтастарының күш-жігері оларды әрі қарай нығайтуға бағыттауы тиіс. «2050 стратегиясын» жариялай отырып, Қазақстан әлемінің Ең дамыған 30 елінің қатарына кіру жолына қадам басты. Барлық нұротандықтардың басты міндеті – халқымыздың бірлігін бекемдеу, өзінің саяси көшбасшылығын күнделікті істі дәлелдеу, экономиканы, мемлекетті және қоғам өмірінің барлық бағыттарын жаңғыртудың тағдырлы үдерістерінің басында болу», – деп атап өтті  Мейраш Валихан.

Бастауыш партия ұйымының төрағасы Хайрулла Қожабаев өз кезегінде күн тәртібіне сәйкес «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі Бағдарламасының жобасымен таныстырып, негізгі ережелерін талқылауға ұсынды.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша, «Нұр Отан» партиясы Кентау қалалық филиалының кезектен тыс XXХVI конференциясы делегаттығына  «Кентау трансформатор зауыты» бастауыш партия ұйымынан делегаттар ұсынылып, дауысқа салынды. Ұсыныс бірауыздан қолдауға ие болып, алдағы жұмыстардың жоспары бекітілді.

«Біз бүгін алдағы уақытта баршамыз атап өткелі отырған «Нұр Отан» партиясының 20-жылдығы қарсаңында жиналыс өткіздік. Басқосуда күн тәртібінде үш мәселені талқылап, соған орай шешім қабылдадық. Нәтижесінде соның бірі, «Нұр Отан» партиясы  Кентау қалалық партия филиалының кезектен тыс ХХХVI конференциясына делегаттар құрамын сайладық. Әр 50 партия мүшесінен 1 делегаттан ұсынылды. Жалпы «Кентау трансформатор зауыты» Бастауыш партия ұйымында 426 партия мүшесі бар», – деді Хайрулла Байділдаұлы.

Тельман БЕЙСЕНОВ,
Түркістан облысы

Бөлісу: