Өркендеуге өріс кең, әлеует зор

210
0
Бөлісу:

Бұдан былай әрбір ми­нис­тр мен әкімнің жұмысы, тұ­тас биліктің тиім­ділігі – ха­лықтың кірісімен және өмір са­­пасымен өлшенетін бол­ды.

Банк пен бизнес өз да­муына тежеу болған өтел­мей­тін кредиттен тазар­ты­ла­ды.

Жәрдемақылар 30 пайыз­­ға арта­ды.

Жеке тұл­ға­ларға алда салық ам­нис­­­тия­сы жарияланбақ.

Биыл Америка мен Жа­понияға тікелей әуе қатына­сы ашылуы тиіс.

Осы және басқа да жаңалықтар мен тың міндеттер Мемлекет бас­шы­­сы­­ның төрағалығымен өткен Үкімет­тің кеңейтілген отырысында жария етілді.
Үкімет отырысы басталар ал­дын­да ел Президентіне Үкімет үйі ғимара­тының фойесіне қойылған цифрлы тақта паш етілді, оған «Цифр­­лы Қа­зақ­стан» мемлекеттік бағдарлама­сы­ның 2018 жылғы іске асырылу нәти­же­лері туралы ақпа­рат және Элект­рон­ды үкіметтің Ахуалдық ор­талығының мәлімет­тері енгізілген.
Кеңейтілген отырыс барысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму барысы талқыланып, эконо­ми­калық өсімді одан ары қамта­ма­сыз ету жөніндегі шаралар мен жаңа міндеттер айқындалды.
Жиынды ашқан Елбасы өткен жыл­дың қорытындысы бойынша эко­номикалық көрсеткіштердің жақсара түскенін атап өтті.
– Экономикалық өсім 4 пайыз­дан ас­ты. Жалпы алғанда, сауда сала­сында – 7,6 пайыз, көлік сала­сында – 4,6 пайыз және өнеркәсіпте 4 пайыздан ас­там өсім бар. Өзге салаларда да жақ­сы қарқын сақта­луда. Жылдық инфляция 5,3 пайыз­ды құрады. Негізгі ка­питалға са­лын­ған инвестиция кө­лемі 17,2 па­­йызға ұлғайды, – деді Н.Назарба­ев.
Осыдан кейін Үкімет басшы­сының орын­басары Е.Досаев, Ұлт­тық банк төра­ғасы Д.Ақышев, вице-­премьер – Ауыл шаруашы­лы­ғы министрі Ө.Шө­кеев, Индустрия және инфрақұры­лым­дық даму министрі Ж.Қасымбек, Жам­был облысының әкімі А.Мырзах­метов, Батыс Қазақстан облысының әкімі А.Көлгінов баяндама жасады.
Оларды мұқият тыңдаған Мемле­­кет басшысы Үкімет, Ұлттық банк жә­не өңірлердің әкімдері даму­дың оң көр­сеткіштеріне қол жет­кізуге жол ашқан ауқымды жұ­мыстар атқарғанын ата­п өтті.
– Ең төменгі жалақы көлемі 1,5 есе өсті. Шамамен 500 мың адам жұ­мыс­пен қамтылды. 113 мың отба­сы жаңа баспанаға ие болды. Кәсіп­керлік үшін мейлінше қолай­лы жағдайлар жа­сал­ды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен бірге, Қазақстан Пре­зи­денті әлемдік экономикадағы үрдіс­тер­ге тоқталып, экономикалық өсімді ары қарай қамтамасыз ету қажетіне екпін түсірді.
–Былтыр мемлекеттік әлеумет­тік сая­сатты жүйелі түрде қайта қа­рау бас­талды. «Бес әлеуметтік бас­тама», жуыр­дағы Жолдау және жас­тарға арнап, қабылданған әлеу­меттік қолдау ша­ралары аясында барша қазақ­стан­дықтардың әл-ауқатын көтеруді қам­тамасыз етуге орасан мол қаржы бөлі­ніп жатыр. Бүгінде көптеген елдердің мұндай әлеуметтік шығындарға шама­сы кел­мейді, – деді Мемлекет басшы­сы.
Елбасы «халықтың кірісі мен өмір сапасы» бұдан былай мемлекет тиім­ділігінің басты критерийіне айна­латы­нына, тиісінше әрбір министр мен әкімнің жұмысы дәл осы көрсеткіш­тер­мен бағаланаты­нына назар аударт­ты.

– Елімізді дамыту үшін әлеуе­ті­міз зор. Мәселен, тек реттелетін сатып алулар көлемі 11 триллион теңгеден асып түседі. Сарапшы­лардың бағалауынша, жалпы құны шамамен 1 триллион теңге бола­тын импортталатын тауарлар мен қызметтерді отандық өндіріспен алмастыру мүмкіндігі бар. Соны­мен қатар, шағын және орта бизнес шығарған өнім көлемі мысалы, Павлодар және Түркістан облыс­та­рында төмендеген. Сондықтан Үкіметке әкімдермен бірлесіп, осы мәселенің мән-жайын анықтауды тапсырамын! Әрбір әкім шағын және орта бизнестің дамуына дер­бес жауап береді. Ал Үкімет дең­ге­йінде жеке жауапкершілік Пре­мьер­дің орынбасары Ерболат Досаевқа жүктеледі, – деді Мем-
ле­кет басшысы.
Елбасы мал шаруа­шы­лығын дамыту және ішкі на­рық­ты отан­дық тауар өндіру­ші­лер өндір­ген ауыл шаруашылығы өнім­дерімен қамтамасыз ету мәсе­лелеріне ерек­ше назар аударды.
Н.Назарбаев индустрияландыру бағдарламасын іске асыру және негізгі капиталға инвестиция тарту үдерісінің нәтижелерін жария етті.
– Индустрияландырудың екінші бесжылдығы аяқталып келеді.
1 250 жоба іске асырылды. Олар өнер­кәсіпті өркендету ісінде ма­ңыз­­ды рөл атқарды. Еліміздің Үшін­ші жаңғыруы үшін негізгі капиталға тартылатын инвестиция көлемін жылына ЖІӨ-ге шаққанда 30 пайыздан асатын деңгейге жет­кі­зуіміз қажет. Соңғы жылдары бұл көрсеткіш 20 пайыздан төмен. ЖІӨ-ге шаққанда несиелендірудің үлесі де аз болып қалуда – небәрі 25 пайыз. Салдарынан, нақты сек­тор­ға құюға инвестиция жетпейді. Ұлт­т­ық банк белсенділік танытып, эко­номикалық өсімге атсалысуы керек, – деді Қазақстан Прези­ден­ті.
Елбасы нақты секторды және инфрақұрылымдық жобаларды қаржымен қамтамасыз ету үшін жүйелі шешімдер түзуді, сондай-ақ дамыған елдердің инвесторларына баса мән бере отырып, инвестиция тартудың кешенді экожүйесін құруды тапсырды.
– Әрбір салалық министрлікте, әкімдіктерде, ұлттық компания­лар­да инвестициялар мен экспорт­қа жеке жауап беретін нақты орынбасар бекіту қажет. Үйлесімді жұмыс істеу үшін тиімді ықпал­дас­тық орнатылуы керек. Біз өнімнің 500-ден астам жаңа түрін шығара­мыз, әлемдегі 110 елге өнімімізді экспорттап отырмыз. Дей тұрған­мен, экономика құрылымына нақ­ты ықпал ете алатын жобалар аз. Жоғары дәрежеде өңделген өнім экспортының көлемі өзгеріс­сіз қалып отыр, – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің қаржы және банк секторындағы мәселелерді уақытылы шешу қаже­ттігін нықтады.
– Кейінгі 3 жылдың ішінде банк­роттық сатысында тұрған кәсіп­орындардың саны 3,7 мыңға дейін, яғни 2 есеге жуық өсті. Қазір олар­дың қарызы 4 триллион тең­ге­ден асады. Шағын бизнеске шек­тен тыс көп несие берілді. Биз­нестің дамуын қарыздың көп­тігі мен төл капиталының тапшы­лы­­ғы құрсаулап отыр, – деді Елбасы.
Қазақстан Президенті банкрот­тық рәсімдерді жеңілдетуді және оның ашықтығын арттыруды ма­ңыз­ды деп санайды.
– 5 жыл ішінде заңнамаға шамамен 30 өзгеріс енгізілсе де, жағ­д­ай жақсарған жоқ. Банкроттық рәсімі қаржылық сауықтыру мүм­кін болмай қалатын ақырғы кезең­дер­де ғана қолданылады. Үкімет, Премьер-министр Бақытжан Сағын­таевтың тікелей өзі өңірлер мен кәсіпорындар бойынша осы мәселелерді нақты әрі жүйелі ше­шуі қажет, – деді Мемлекет басшы­сы.
Халықтың тұрмыс сапасын артты­ру мәселесіне көңіл бөлген Мем­лекет басшысы Үкімет пен әкім­діктер алдына бірқатар мін­дет­тер қойды.
– Өмір сапасы мәселесін «мем­ле­кеттік басымдық» ретінде белгі­легенім кездейсоқ емес. Өңір­лерге жиі барамын және жергілікті жерлерде жұртшылықты қандай мәселелер алаңдататынын жақсы білемін. Тұрмыс сапасы – абстрак­тілі ұғым емес. Бұл дегенің – бас­пана, білім беру, денсаулық сақ­тау, әлеуметтік көмек, эколо­гия, жол­дар, қоғамдық көлік, қауіп­сіз­дік мәселелері, – деді Елбасы.
Отырыс барысында баспана салу және оған халықтың барлық санатының қолжетімділігін қамта­масыз ету жөніндегі жұмыстарды одан ары өрістету қажеттігі айтыл­ды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы тұрғындарының саны миллионнан асқан үш қалада (Астана, Алматы, Шымкент) жастарға арналған жал­да­малы пәтер салу жұмыстарын жал­ғастыру туралы тапсырма берді.
– Кейбір өңірлер инфрақұры­лым­­нан алыста жатқан жерлерде жаңа тұрғын үйлер алабын салуға бастамашы болуда, ал бұл шығыс көлемін арттырады. Біз «адам­дар инфрақұрылымға жақын» моделі бойынша жұмыс істейміз деген жоқпыз ба, неге керісінше болып жатыр? Менің тапсырмам бойын­ша Астана қаласының 5 жылға арналған ықшам құрылы­сы­ның кешенді жоспары әзірленді. Онда тұрғындар үшін қоғамдық игіліктер мен қызметтердің еш көлікке жүгінбей, жаяу бара салуға бола­тын­дай қол созым жерде орналасуы ескерілген. Өңірлер әкімдері осы тәжірибені зерттеп, ұқсас жоспар­лар қабылдаулары тиіс, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы Үкіметті халыққа сапалы білім беру ісін қамтамасыз ету жұ­мыс­­тарын жалғастыруға міндет­те­ді.
– Білім саласында мұғалімдердің жұмыс жағдайы жақсарып келеді және олардың жалақылары өсті. Жоғары оқу орындары дербестікке ие болды. Мектепке дейінгі білім берумен қамту көрсеткіші артты. Өткен жылы 70-тей жаңа мектеп салынды. Барлық мектепті толық­қанды интернетпен және мектеп автобустарымен қамта­ма­сыз ету қажет, – деді ел Президенті.
Президент өңірлердегі меди­циналық қызметтердің қол­же­тімділігіне қатысты пробле­ма­ларға назар аудартып, «Саламатты Қазақстан» арнайы пойыздарының сапарлары жөніндегі жобаның тиімділігін еске салды.
– Шалғай ауылдарда жылжы­ма­лы медициналық тексеру орын­да­рын ұйымдастыруға болады. 3 жыл ішінде жедел жәрдем қызметін автомобильдермен және реани­мо­биль­­дермен қамтамасыз ету мәсе­ле­сін шешу керек. Осы мақсаттар­дың бәріне 27 миллиард теңге бөлу қажет. Әкімдер 2020 жылдың аяғы­­на дейін инвентаризациялау негізінде, бірінші кезекте, аудан­дық ауруханалар мен емханаларды қажетті медициналық құрал-жаб­дық­тармен толық жарақ­тан­ды­руы шарт, – деді Н.Назарбаев.
Елбасы әлеуметтік қолдау ауқымының айтарлықтай өскенін атап өте келе, Үкіметке 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін әлеуметтік төлемақы­лар­дың орташа мөлшерін 30 пайызға дейін арттыруды, сондай-ақ мүге­дек­тердің құқықтарын қамта­ма­сыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөнінде Ұлттық жоспар қабыл­дауды тапсырды.
Сөз соңында Мемлекет басшы­сы Үкімет қызметінің нәтижесін барша қазақстандықтар сезінуге тиіс екенін баса айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ­стан – 2025» стратегиялық даму жоспарына сәйкес, 2019 жылғы «Министрлер кабинеті жұмысы тиімділігінің негізгі критерий­ле­рін» бекітті.
Вице-премьер Е.Досаевтың айтуын­ша, Мемлекет басшысы­ның стратегиялық нұсқаулары мен тапсырмаларын іске асыру нәти­же­­сінде 2018 жылы елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы­на қол жеткізілген.
«Қазақстанның ЖІӨ-сінің өсімі 4,1 пайызды құрады. Өсімнің 75 пайызы шикізаттық емес сектор­лар­ға тиесілі. Экономиканың өң­деу­ші секторының өсуіне бірінші ке­зекте машина жасау, мұнай өң­деу, химия өнеркәсібі, түсті метал­дар салалары серпін берді. Еңбек өнімділігі тұтастай алғанда 2,9 па­йыз­ға жоғарылады. Ұлттық қор­дың активтері 2019 жылдың ба­сын­да 61,6 миллиард долларға жет­­ті. Республикалық бюджеттің кі­рістері былтыр 101,6 пайызға асы­­­ра орындалды. Бюджет қара­жат­­тары 99,9 пайызға игеріл-
ді», – деді Ерболат Досаев.
Ол қазақстандық аналарды сауықтыру бойынша жеке құжат қабылданғанын хабарлады.
«Халық денсаулығының негізгі көрсеткіштерін жақсарту жұмыс­тары мақсатты түрде жүргізіліп жа­тыр. Үкімет қабылдаған шара­лар нәтижесінде жалпы өлім-жі­тім 1,2 пайызға, нәресте­лер­дің ше­тінеуі 2,8 пайызға азайтылды. Де­генмен аналар өлім-жітімінің он жыл ішінде 2,6 есеге, ал
2018 жы­лы бес пайызға төмендеге­ніне қарамас­тан, әзірге бұл маңызды көрсет­кіш­те айтарлық­тай оң динамика жоқ. Жағдайды жақ­сарту мақса­тын­да 2019 жылғы қаңтарда ке­шен­ді жедел жоспар бекітілді. Ол әйелдерді сауық­ты­руды, меди­циналық ұйымдарды қажетті құрал-жабдықтармен жете жарақ­тан­дыруды, меди­циналық қызмет­кер­лерді жаппай оқытуды қарасты­рады», – деді Е.Досаев.
Өз кезегінде вице-премьер – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Елбасы Жолда­уын­да сала алдында еңбек өнім­ді­лігі мен экспортты 2,5 есеге артты­ру туралы өте маңызды талап қойыл­­ғанын еске салды. Осы тап­­­сыр­­маны орындау үшін Үкімет 2018 жылғы шілдеде саланы дамы­ту­дың мемлекеттік бағдар­ла­ма­сын толықтай қайта қарап, жаңа нұска­сын бекітті.
Былтыр АӨК-те еңбек өнімділігі 23 пайызға көтеріліпті. Дәл осын­дай тұрақты өсім 2021 жылға қарай Мемлекет басшысының аталған тапсырмасын орындауға мүмкіндік бермек.
«Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, елімізде етті мал шаруашы­лы­ғы өркен жайып келеді. Өткен жылы еттің барлық түрлері бойын­ша Қазақстан 33,2 мың тонна өнім экспорттады. Оның ішінде 20 мың тоннасы сиыр етіне тиесілі. Салыс­ты­ру үшін айтсақ, 2017 жылы ол небәрі 5,5 мың тонна болған. Бағ­дар­лама бастала салысымен шама­м­ен 600 жаңа отбасылық ферма кредит алып, сиыр әкелді. Жалғыз Түркістан облысы ғана 7,5 мың тонна сиыр етін шетелдік нарыққа өткізді. Көшбасшылар қатарында БҚО (2,5 мың тонна) және Ақтөбе облысы (2,1 мың) бар. Бұл бағытта жұмыс жалғасады. Биыл кем дегенде 25 мың тонна сиыр етін экспорттауға ниеттіміз», – деді Ө.Шөкеев.
Ал Индустрия және инфрақұры­лым­дық даму министрі Ж.Қасым­бек­тің мәліметінше, авиация саласында транзиттік жолаушылар саны 2010 жылғы 20 мыңнан өткен жылы 900 мыңға дейін ұлғайған. 2020 жылға қарай бұл көрсеткішті 1 миллион 600 мыңға жеткізу жос­пар­ланып жатыр. Министр биыл­ғы жылдың бірінші жарты­сын­да билеттерінің құны «Эйр Астана­дан» екі есе төмен болатын FlyArystan лоукостері жолға шығаты­нын жеткізді. Оның қызметінің бірін­ші жылында 1 миллионға дейін жолаушыны тасу көзделіп отыр.
Елбасы оған АҚШ пен Жапо­ния­ға тікелей рейс ашуды жүктеді.
– Әуе компаниялары, бірінші кезекте Air Astana алдына біздің негізгі инвесторларға ұшу міндетін қою керек. Қазір Еуро­паға ұшамыз, енді Америка мен Жапонияға да жолау­шы­лардың әуе тасымалы болға­ны жөн. Бұл үшін не керегін қараңыздар. Ұшақ сатып алуына немесе қолда­ныстағысын пайдала­нуы­на кө­мек­тесу, қолдау көрсету керек. Бәлкім, алғашқы уақытта бұл бағдарлар табысты болмауы да мүмкін. Бірақ ұшуды бастау қажет. Биыл осы мәселе шешілетін болсын! – деп тапсырды Нұрсұлтан Назарбаев.
Ел Президенті барлық министр­лер мен әкімдерге отандық жеңіл өнеркәсіпті қолдау үшін әрі дамы­ған елдерде қабылданған мемле­кет­тік қызметші әдебіне сәйкес, бұдан былай Қазақстанда тігілген киім­дерді киіп жүру керегін ескертті.

– Елімізді дамыту үшін әлеуе­ті­міз зор. Мәселен, тек реттелетін сатып алулар көлемі 11 триллион теңгеден асып түседі. Сарапшы­лардың бағалауынша, жалпы құны шамамен 1 триллион теңге бола­тын импортталатын тауарлар мен қызметтерді отандық өндіріспен алмастыру мүмкіндігі бар. Соны­мен қатар, шағын және орта бизнес шығарған өнім көлемі мысалы, Павлодар және Түркістан облыс­та­рында төмендеген. Сондықтан Үкіметке әкімдермен бірлесіп, осы мәселенің мән-жайын анықтауды тапсырамын! Әрбір әкім шағын және орта бизнестің дамуына дер­бес жауап береді. Ал Үкімет дең­ге­йінде жеке жауапкершілік Пре­мьер­дің орынбасары Ерболат Досаевқа жүктеледі, – деді Мем-
ле­кет басшысы.
Елбасы мал шаруа­шы­лығын дамыту және ішкі на­рық­ты отан­дық тауар өндіру­ші­лер өндір­ген ауыл шаруашылығы өнім­дерімен қамтамасыз ету мәсе­лелеріне ерек­ше назар аударды.
Н.Назарбаев индустрияландыру бағдарламасын іске асыру және негізгі капиталға инвестиция тарту үдерісінің нәтижелерін жария етті.
– Индустрияландырудың екінші бесжылдығы аяқталып келеді.
1 250 жоба іске асырылды. Олар өнер­кәсіпті өркендету ісінде ма­ңыз­­ды рөл атқарды. Еліміздің Үшін­ші жаңғыруы үшін негізгі капиталға тартылатын инвестиция көлемін жылына ЖІӨ-ге шаққанда 30 пайыздан асатын деңгейге жет­кі­зуіміз қажет. Соңғы жылдары бұл көрсеткіш 20 пайыздан төмен. ЖІӨ-ге шаққанда несиелендірудің үлесі де аз болып қалуда – небәрі 25 пайыз. Салдарынан, нақты сек­тор­ға құюға инвестиция жетпейді. Ұлт­т­ық банк белсенділік танытып, эко­номикалық өсімге атсалысуы керек, – деді Қазақстан Прези­ден­ті.
Елбасы нақты секторды және инфрақұрылымдық жобаларды қаржымен қамтамасыз ету үшін жүйелі шешімдер түзуді, сондай-ақ дамыған елдердің инвесторларына баса мән бере отырып, инвестиция тартудың кешенді экожүйесін құруды тапсырды.
– Әрбір салалық министрлікте, әкімдіктерде, ұлттық компания­лар­да инвестициялар мен экспорт­қа жеке жауап беретін нақты орынбасар бекіту қажет. Үйлесімді жұмыс істеу үшін тиімді ықпал­дас­тық орнатылуы керек. Біз өнімнің 500-ден астам жаңа түрін шығара­мыз, әлемдегі 110 елге өнімімізді экспорттап отырмыз. Дей тұрған­мен, экономика құрылымына нақ­ты ықпал ете алатын жобалар аз. Жоғары дәрежеде өңделген өнім экспортының көлемі өзгеріс­сіз қалып отыр, – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің қаржы және банк секторындағы мәселелерді уақытылы шешу қаже­ттігін нықтады.
– Кейінгі 3 жылдың ішінде банк­роттық сатысында тұрған кәсіп­орындардың саны 3,7 мыңға дейін, яғни 2 есеге жуық өсті. Қазір олар­дың қарызы 4 триллион тең­ге­ден асады. Шағын бизнеске шек­тен тыс көп несие берілді. Биз­нестің дамуын қарыздың көп­тігі мен төл капиталының тапшы­лы­­ғы құрсаулап отыр, – деді Елбасы.
Қазақстан Президенті банкрот­тық рәсімдерді жеңілдетуді және оның ашықтығын арттыруды ма­ңыз­ды деп санайды.
– 5 жыл ішінде заңнамаға шамамен 30 өзгеріс енгізілсе де, жағ­д­ай жақсарған жоқ. Банкроттық рәсімі қаржылық сауықтыру мүм­кін болмай қалатын ақырғы кезең­дер­де ғана қолданылады. Үкімет, Премьер-министр Бақытжан Сағын­таевтың тікелей өзі өңірлер мен кәсіпорындар бойынша осы мәселелерді нақты әрі жүйелі ше­шуі қажет, – деді Мемлекет басшы­сы.
Халықтың тұрмыс сапасын артты­ру мәселесіне көңіл бөлген Мем­лекет басшысы Үкімет пен әкім­діктер алдына бірқатар мін­дет­тер қойды.
– Өмір сапасы мәселесін «мем­ле­кеттік басымдық» ретінде белгі­легенім кездейсоқ емес. Өңір­лерге жиі барамын және жергілікті жерлерде жұртшылықты қандай мәселелер алаңдататынын жақсы білемін. Тұрмыс сапасы – абстрак­тілі ұғым емес. Бұл дегенің – бас­пана, білім беру, денсаулық сақ­тау, әлеуметтік көмек, эколо­гия, жол­дар, қоғамдық көлік, қауіп­сіз­дік мәселелері, – деді Елбасы.
Отырыс барысында баспана салу және оған халықтың барлық санатының қолжетімділігін қамта­масыз ету жөніндегі жұмыстарды одан ары өрістету қажеттігі айтыл­ды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы тұрғындарының саны миллионнан асқан үш қалада (Астана, Алматы, Шымкент) жастарға арналған жал­да­малы пәтер салу жұмыстарын жал­ғастыру туралы тапсырма берді.
– Кейбір өңірлер инфрақұры­лым­­нан алыста жатқан жерлерде жаңа тұрғын үйлер алабын салуға бастамашы болуда, ал бұл шығыс көлемін арттырады. Біз «адам­дар инфрақұрылымға жақын» моделі бойынша жұмыс істейміз деген жоқпыз ба, неге керісінше болып жатыр? Менің тапсырмам бойын­ша Астана қаласының 5 жылға арналған ықшам құрылы­сы­ның кешенді жоспары әзірленді. Онда тұрғындар үшін қоғамдық игіліктер мен қызметтердің еш көлікке жүгінбей, жаяу бара салуға бола­тын­дай қол созым жерде орналасуы ескерілген. Өңірлер әкімдері осы тәжірибені зерттеп, ұқсас жоспар­лар қабылдаулары тиіс, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы Үкіметті халыққа сапалы білім беру ісін қамтамасыз ету жұ­мыс­­тарын жалғастыруға міндет­те­ді.
– Білім саласында мұғалімдердің жұмыс жағдайы жақсарып келеді және олардың жалақылары өсті. Жоғары оқу орындары дербестікке ие болды. Мектепке дейінгі білім берумен қамту көрсеткіші артты. Өткен жылы 70-тей жаңа мектеп салынды. Барлық мектепті толық­қанды интернетпен және мектеп автобустарымен қамта­ма­сыз ету қажет, – деді ел Президенті.
Президент өңірлердегі меди­циналық қызметтердің қол­же­тімділігіне қатысты пробле­ма­ларға назар аудартып, «Саламатты Қазақстан» арнайы пойыздарының сапарлары жөніндегі жобаның тиімділігін еске салды.
– Шалғай ауылдарда жылжы­ма­лы медициналық тексеру орын­да­рын ұйымдастыруға болады. 3 жыл ішінде жедел жәрдем қызметін автомобильдермен және реани­мо­биль­­дермен қамтамасыз ету мәсе­ле­сін шешу керек. Осы мақсаттар­дың бәріне 27 миллиард теңге бөлу қажет. Әкімдер 2020 жылдың аяғы­­на дейін инвентаризациялау негізінде, бірінші кезекте, аудан­дық ауруханалар мен емханаларды қажетті медициналық құрал-жаб­дық­тармен толық жарақ­тан­ды­руы шарт, – деді Н.Назарбаев.
Елбасы әлеуметтік қолдау ауқымының айтарлықтай өскенін атап өте келе, Үкіметке 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін әлеуметтік төлемақы­лар­дың орташа мөлшерін 30 пайызға дейін арттыруды, сондай-ақ мүге­дек­тердің құқықтарын қамта­ма­сыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөнінде Ұлттық жоспар қабыл­дауды тапсырды.
Сөз соңында Мемлекет басшы­сы Үкімет қызметінің нәтижесін барша қазақстандықтар сезінуге тиіс екенін баса айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ­стан – 2025» стратегиялық даму жоспарына сәйкес, 2019 жылғы «Министрлер кабинеті жұмысы тиімділігінің негізгі критерий­ле­рін» бекітті.
Вице-премьер Е.Досаевтың айтуын­ша, Мемлекет басшысы­ның стратегиялық нұсқаулары мен тапсырмаларын іске асыру нәти­же­­сінде 2018 жылы елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы­на қол жеткізілген.
«Қазақстанның ЖІӨ-сінің өсімі 4,1 пайызды құрады. Өсімнің 75 пайызы шикізаттық емес сектор­лар­ға тиесілі. Экономиканың өң­деу­ші секторының өсуіне бірінші ке­зекте машина жасау, мұнай өң­деу, химия өнеркәсібі, түсті метал­дар салалары серпін берді. Еңбек өнімділігі тұтастай алғанда 2,9 па­йыз­ға жоғарылады. Ұлттық қор­дың активтері 2019 жылдың ба­сын­да 61,6 миллиард долларға жет­­ті. Республикалық бюджеттің кі­рістері былтыр 101,6 пайызға асы­­­ра орындалды. Бюджет қара­жат­­тары 99,9 пайызға игерілді», – деді Ерболат Досаев.
Ол қазақстандық аналарды сауықтыру бойынша жеке құжат қабылданғанын хабарлады.
«Халық денсаулығының негізгі көрсеткіштерін жақсарту жұмыс­тары мақсатты түрде жүргізіліп жа­тыр. Үкімет қабылдаған шара­лар нәтижесінде жалпы өлім-жі­тім 1,2 пайызға, нәресте­лер­дің ше­тінеуі 2,8 пайызға азайтылды. Де­генмен аналар өлім-жітімінің он жыл ішінде 2,6 есеге, ал 2018 жы­лы бес пайызға төмендеге­ніне қарамас­тан, әзірге бұл маңызды көрсет­кіш­те айтарлық­тай оң динамика жоқ. Жағдайды жақ­сарту мақса­тын­да 2019 жылғы қаңтарда ке­шен­ді жедел жоспар бекітілді. Ол әйелдерді сауық­ты­руды, меди­циналық ұйымдарды қажетті құрал-жабдықтармен жете жарақ­тан­дыруды, меди­циналық қызмет­кер­лерді жаппай оқытуды қарасты­рады», – деді Е.Досаев.

Айхан Шәріп

Бөлісу: