Астана бүлдіршіндерінің 90 пайызы мектепке дейінгі біліммен қамтылған

382
0
Бөлісу:

Балабақша кезегі 37 мыңнан 18 мың адамға дейін қысқарды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 2016 жылы 70,6 пайыз болса, 2017 жылы 78 пайызды құрады. Өткен жылы бұл көрсеткіш 90 пайызға дейін өскен болатын. Елорданың Білім басқармасы мәлімдегендей, қазіргі таңда қалада 377 балабақша жұмыс істейді. Оның 96-сы – мемлекеттік, 232-сі – жеке меншік, 3-і – ведомстволық балабақшалар. Сонымен қатар, 46 шағын орталық бар.

Елорда балабақшаларына 50 мыңнан астам бала барады. Бұл ретте соңғы екі жыл ішінде балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтудың ілгерілеуі байқалады. Осы тұста жеке секторды тарту маңызды рөл атқарды: ол мектепке дейінгі біліммен қамтылған балалардың жалпы санының 35 пайызын жабады. 100 пайызды қамтамасыз ету үшін (63 мыңнан астам бала) балабақшалар желісін кеңейту мақсатындағы жұмыстар жалғасады.

Сондай-ақ, оларды тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарында ашу жоспарлануда. Ағымдағы жылы 480 орындық екі балабақша пайдалануға берілмек. 720 орындық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік келісімшарты аясында екі балабақшаның құрылысы жүргізіліп жатыр.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу: