Дубль жасаған Роналду А сериясында бомбардирлер көшін бастады (видео)

446
0
Бөлісу:

Туриндік «Ювентус» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду А сериясындағы сұрмергендер көшін бастады.

Италия чемпионатының 22 турында «Ювентус» өз алаңында «Пармамен» кездесіп, 3:3 есебімен тең түсті. «Ювентус» сапында Роналду 36 және 66 минутта гол соқса, тағы бір допты Даниел Ругани салды. Ал «Парма» қатарынан Жервиньо дубль жасаса, Антонио Барилла да өз еншісіне бір гол жазды.

Бұл матч «Ювентус» үшін өзіндік теріс сенсациясымен есте қалды. Туриндік клуб сегіз жылда алғаш рет өз үйінде (А сериясы) тең ойнап қалып отыр. Соңғы рет олар 2011 жылы «Палермоны» жеңе алмаған (2:2) екен.

Тең ойынға қарамастан «Ювентус» 60 ұпаймен көш бастап келе жатыр. Ал «Парма» 29 ұпаймен 12 орында.

Ал Роналду 22 матчта 17 гол соғып, А сериясындағы бомбардирлер көшін бастады. Португалиялық шабуылшыдан кейін 15 голмен Дуван Сапата («Аталанта») және 16 голмен Фабио Куальярелла («Сампдория») тұр.

Абай Аймағамбет

Бөлісу: