Үкімет тұрғын үй бағдарламаларын әлі жетілдірсе…

559
0
Бөлісу:

5 баланың қыршыннан қиылуы қоғамдағы баспана мәселесінің тиімсіз жүйеде істеп жатқанын көрсетті. Елбасының алдына «7-20-25» бағдарламасын алып барып, бекітіп алғандар болашақ ұрпақтан алғыс естімесі анық. Өкінішті.

Ойлап қарайықшы, балаң 20-ға толғанда сен үкіметке немесе банкке әлі қарызсың. Оның өзінде уақытылы төлеп тұрсаң ғана. Байқаусызда жұмыстан айырылып, төлеу мүмкіндігің болмай қалса, не үйіңді тартып алады, не өсімпұлын өсіріп тағы бірнеше жыл қосып береді. Тиімсіз.

Билік жұмыс істемей отыр дегеннен аулақпын. Мәселен, мұның алдында «сатып алу құқымен жалға алу» бағдарламасы жүзеге асып, халық бір марқайып қалып еді. Мен сол бағдарламамен Алматыда үй алғандардың бірімін. Алғашқы жарна құймай, 15 жылға жалға алып, 70 шаршы метр үйге ай сайын 110 000 теңге төлеп, ақыр соңында жекеме қалатыны құптарлық іс. Үкімет 4,5 пайыз есебіндегі өсім-пұлын алып отырады. Тиімді.

Кейін мұндай үйлерді тарату тоқталды. Тиімсіз екен деп себебі түсіндірілді. Кімге, қай топқа тиімсіз болды екен, ә? Бұ қазақты үй мәселесімен жылдар бойы басын қатырып қою кімге қажет? Интелектуалды ұлт болуға, 30 елдің қатарынан көрінуге ниеттенген халық – түбі бірінші болуды да көздейтіні белгілі. Сондықтан, қазақтың көктемеуін тілейтін топтар осы бастан бізге қарсы саясат қолданатыны түсінікті. Байқайықшы!

Асқар Беков

Бөлісу: