Қаржы министрі: 123 нысан сатылады

351
0
Бөлісу:

Үкімет отырысында мемлекеттік экономикадағы жоғары үлесіне назар аударып, жоспардағы нысандардың тек жартысына жуығы ғана жекешелендірілетіні айтылды.

Жекешендірілетін нысандар жайлы Қаржы министрі Әлихан Смайылов  Үкімет отырысында айтты.

«Қазіргі уақытта 470 миллиард теңгеге 898 нысанның 473-і сатылып, 280 нысан қайта құру немесе таратуға бағытталды. Кешенді жоспарды орындау көрсеткіші 84%-ды құрап отыр. Биыл жоспар бойынша республикалық, коммуналды меншік пен квазимемлекеттік сектордағы тағы 123 нысан сатылады деп көзделуде», – деді Әлихан Смайылов.

Қаржы министрі осы бағыттағы шараларды жүзеге асыруды жылдамдату үшін мемлекеттік меншік тізімінің веб-порталындағы жекешелендіру бойынша жол картасына сәйкес түзетулер енгізу қажеттігін айтты.

«Айқын» ақпарат

 

Бөлісу: