Димаш Нью-Йоркте үлкен шоу жасамақшы

681
0
Бөлісу:

Димаш Құдайберген Нью-Йоркте жеке концертін беруді жоспарлап жатыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы журналистермен болған кездесуде мәлімдеді.

Министр концерттің өтетін күнін американдықтармен жүргізілетін келіссөздерден кейін белгілі болатынын айтты.

– Біз қазір Димаштың жеке концертінің жобасын әзірлеудеміз. Бұл жолғы өтетін шоудың ауқымы кең болғанын қалаймыз.  Нью-Йорк шаһарының ең үлкен кешендерінің бірінде, бәлкім «Мэдисон-сквер-гарден» залында өткіземіз, – деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Министр сондай-ақ, келіссөздердің оңай болмайтынын ескертті.

– Бастысы, Димаштың үлкен концерт өткізуге ниеті бар. Жобамен 15 мың көрерменге, әйгілі орындаушылардан кем түспейтін шоу жасауға тырысамыз.

Айта кетейік, наурыз айының 22-23 күндері Димаш Мәскеуде жеке концертін ұсынатын болады.

А.Ахметқазы,

коллаж Е.Қаба

Димаш Құдайбергеннің «DQ» концерттік шоуы өткен жылы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Лондонда ұйымдастырылды.

Бөлісу: