Қорғаныс тапсырысы тиянақталуда

321
0
Бөлісу:

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» заң жобасы қаралды. 

Құжат қорғаныс өнеркәсібі, мемлекеттік қорғаныстық тапсы­рыс саласындағы қоғамдық қаты­нас­тарды, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техника айналымының жекелеген мәселелерін реттеуге бағытталған. Онда осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі мін­деттері, мемлекеттік қорға­ныс­тық тапсырысты алушылардың, орын­даушылар мен әскери өкіл­дер­дің функциялары айқындалған. Тұтас­­тай алғанда, мемлекеттік қор­ғаныстық тапсырысты қалып­тас­тыру, орналастыру және орын­дау тәртібі регламенттелген, оның құрамы мен мазмұны айқындалған.
Сондай-ақ Үкіметтің, уәкілетті органның, орталық атқарушы органдардың, ел Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, қорғаныстық өнеркәсіп және мемлекеттік қорғаныстық тапсы­рыс саласындағы уәкілетті ұйым­ның және қорғаныстық-өнер­кә­сіп­тік кешен ұйымдарының құзы­ре­т­т­ері бекітілген.
Заң жобасы ғылыми зерттеулерге мемлекеттік қорғаныстық тап­сы­рыс­ты қалыптастыру ерекшелік­те­рін бекітетін ережелерді, сондай-ақ мемлекеттік қорғаныстық тап­сы­рыстың басым тәртіппен орын­далуға міндеттілігі туралы норманы қамтиды.
Бұдан басқа, қорғаныстық тапсырыс саласындағы мемле­кет­тік қолдау шаралары, қару-жарақ, әскери техника және пайдала­нылмайтын мүлік айналымының ерекшеліктері, әскери-техникалық ынтымақтастық салалары мен ны­сан­дары заңнамалық деңгейде бекітілген.
Сонымен бірге, комитет отыры­сын­да «Кейбір заңнамалық акті­лер­ге қорғаныс және аэро­ғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру сала­сын­дағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Оның негізгі мақсаты заңнаманы жаңа редак­ция­дағы «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» заңының жоба­сы­на сәйкес келтіру, сондай-ақ жекелеген қару түрлерінің айналы­мына мемлекеттік бақылау, барлау қызметі, азаматтық қорғаныс, мем­ле­кеттік материалдық резерв, ақ­параттық қауіпсіздік салала­рын­дағы және басқа да салалардағы заңнаманы жетілдіру саналады.
Заң жобасымен қолданыстағы 4 кодекске және 20 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзде­ле­ді. Олардың ішінде негізгілері бірін­шіден, облыстық бюджеттің, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалалар, Астана бюджеттерінің аумақтық әскерлердің тиісті ау­мақ­тық органдарын қамтамасыз етуге және күтіп-ұстауға арналған шығыстарын регламенттейтін нор­маларды нақтылауға бағыттал­ған.
Екіншіден, мемлекеттік қорға­ныс­тық тапсырысты жүзеге асы­руға арналған шарттар негізінде жүр­гізілетін ғылыми-зерттеу жұ­мыс­­тарын қосылған құн салы­ғы­нан босату көзделеді.
Үшіншіден, Үкіметтің, қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласын­дағы уәкілетті органдардың және басқа да мемлекеттік органдардың құзыреттері нақтыланады.
Төртіншіден, әлеуметтік сипат­тағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қолдану үшін броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтің метериал­дық құндылықтарын шығару, сондай-ақ оларды тасымалдау тәртібін айқындау көзделеді.
Құжаттар құпталып, палатаның жалпы отырысында қарауға жібе­рілді.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу: