БАҒДАРЛАМА ДАМУҒА БАҒЫТТАЛҒАН

463
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалында Абай аудандық партия филиалының кезектен тыс конференциясы өтті.

Конференцияға Мәжіліс депу­таттары Е.Козлов, Б.Жылқышиев және «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Нарымбетов, «Нұр Отан» партиясы Абай аудандық филиалы саяси кеңесінің мүшелері мен бастауыш партия ұйымдарының төрағалары және өкілдері, мемлекеттік мекеме басшылары қатысты.
Конференция барысында Абай ауданының әкімі, филиал төрағасы Бұхарбай Парманов Қазақстан Прези­дентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс са­пасын арттыру» атты халыққа арна­ған Жолдауын іске асыру барысы ту­ралы баяндама жасады. Ауданның әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсарту бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталған аудан әкімі тұр­ғындар үшін маңызды саналатын коммуналдық саланы ерекше атап өтті. Инфрақұрылым мен жарық және ауызсу, тазалық, көгалдандыру мен абаттандырудағы нақты қолға алған шараларды баяндады.
– Өткен жылы қаланың кейбір шағынаудандарында халық санының өсуіне байланысты табиғи газ жеткізу жайы біраз мәселелерді туындатты. Сол себепті автоматтандырылған газ тарату стансасының құрылысы бо­йын­ша жобалау-сметалық құжаттама дайындалды. Құжаттар мемлекеттік са­­раптамадан өткен соң құрылысты қар­жыландыруға ұсыныс жасала­ды, – деп нақтылады.
Дәл осындай конференция Қос­танайда да өтті. Қылмыстық саясаттың қазіргі мәселелеріне негізделген ха­лықаралық ғылыми-тәжірибелік кон­ференция заң ғылымдарының док­торы, профессор Елеген Қайыр­жа­новты еске алуға арнал­ды. Жиынға Мә­жілісінің бір топ депутаттары, Ре­сей, Германия, Қырғызстан елінен ға­лымдар, профессорлар қатысты. Жи­налғандар ашық сұхбат алаңында қоғамдағы құқық мәселелерін көтеріп, емен-жарқын пікір алмасты. Осымен сегізінші рет өткізіліп отырған халық­аралық-ғылыми практикалық конфе­ренцияның бұл жолғы тақырыбы Қыл­мыстық саясаттың қазіргі мәсе­лелері, Қазақстанның саяси-құқық­тық дамуы бағыттарына арналды. «Конференцияда қылмысқа қарсы тұру жүйесін компаративтік көзқарас тұрғысынан салыстырмалы құқықтану мүмкіндіктері талқыланды. Бұл – өте өзекті мәселе. Іс-шараның мақсаты да осы. Қылмыстық саясат пен заң­ды­лық деңгейін арттырудағы, қыл­мыс­тық қауіпсіздікті жүзеге асыру аясындағы құқықтық сот реформасын жетілдіру», – деп атап өтті Мәжіліс депутаты Арман Қожахметов.
Ал Мәжілістің Заңнама және сот құқықтық реформа комитетінің төр­ағасы Нұрлан Әбдіров: «Ғылыми-тәжірибелік конференцияларда елдің саяси-құқықтық дамуына тежеу бол­ған кедергілер, қылмыстық-процес­суалдық кодексті жетілдіру, қылмыс­тық атқару жүйесіндегі реформалау мәселелері сөз болды. Айтылған ұсы­ныстар заңнамада ескерілмей қал­ған жоқ. Мамыр айында қылмыстық-атқару жүйесіндегі реформаларды тал­қылайтын боламыз», – дейді.

Е.МҰРАТБЕК,
С.САДЫР

Бөлісу: