ӘРБІР ЖЕТІСТІКТЕ ПАРТИЯНЫҢ ҮЛЕСІ БАР

621
0
Бөлісу:

Биылғы жылы 1 наурызда «Нұр Отан» партиясының құрылғанына 20 жыл толады. Бұл мерейлі сәт – еліміз үшін айтулы да маңызы бар ерекше күн. Елбасымыз іргетасын қалаған партияның 20 жылдық тарихында мемлекетімізде атқарылған орасан зор жұмыстардың ізі жатыр. Еліміздің даму жолындағы қол жеткізген әрбір келелі істер мемлекет тәуелсіздігінің арқасы, Елбасымыздың сындарлы да салиқалы саясатының арқасында болып отыр деуімізге толық негіз бар. 

«Нұр Отан» партиясы қоғам мен Президент қойған барлық міндеттерді орындау үшін негізгі бағ­дарламаларды қабылдап, тиісті ұйымдарды құрды.
Соларды атасақ, «Әл-ауқаттық қоғам: онжыл­дықтың 10 мақсаты» «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағ­дарламасы атты ауқымды жұмыстар ел дамуына көп үлес қосуда. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі ұзақмерзімді даму стратегиясын алға тарта отырып, Мемлекет басшысы халыққа алдағы жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалардың нақты бағдарламасын ұсынды. Аталған бағдарлама дамыған елдердің қатарына кіру үшін мемлекетті қалыптастырудың тексерілген және сенімді тәсілі болып табылатын 5 инс­ти­туционалдық реформаларға негізделген.
Алдағы онжылдықтағы біздің мақсатымыз – әрбір қазақстандықтың өмір сүру деңгейін сапалы арттыру үшін елді жүйелі жаңғырту.
Партия елдегі жетекші саяси күш ретінде, көшбасшымыз айқындаған стратегия шеңберінде өзінің негізгі күш-жігерін алдағы онжылдықтың 10 басты мақсаттарына қол жеткізуге бағыттайды. Сондай-ақ Президенттің «Қазақстан­дықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауын іске асыру барысында партия өз тарапынан көп жұмыстар атқарды. Осы тұрғыда Ел­басымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арт­тыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолда­уынан бастау алатын жо­балардың Отырар ауда­нында іске асырылуы ауда­нымыздың әлеуметтік – экономикалық өсуіне оң әсерін тигізуде.
Жолдауда қазақстан­дықтардың әл-ауқаты, ең алдымен табыстарының тұрақты өсімі мен тұрмыс сапасына байланысты. Осы бағытта ауданымызда көптеген іс атқа­рылып жатыр. Атап айтсақ, әр салада қызмет ететін 1746 қызметкердің айлық жалақысына Республикалық бюджеттен қосымша 380 млн теңге қаралып, жалақысы көтерілді. Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауында көтерілген міндеттерді жүзеге асыру үшін «Шағын несие беруді көбейтуді» іске асыру мақсатында жергілікті халықтың өзін-өзі еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұр­ғындар қатарынан жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 2018 жылы 64 азаматқа жалпы сомасы 300 млн теңге шағын несие беріл­ді. 2018 жылы ауданымызда 11 мың 568 шаршы метр болатын 101 тұрғын үй пайдалануға берілді. Нәтижесінде былтырғы жылдың (10240 шаршы метр, 95 тұрғын үй) есепті кезеңімен са­лыстырғанда жоспар 113,3%-ға артық орындалды. Ел тұрғындарының әл-ауқатын арттыру, табысын еселеу жө­нінде қабылданған Елбасы бағдарл­а­маларын аудан әкімдігі облыс әкім­дігімен бірлесіп тиісті дәрежеде атқаруда. Жалпы, аудан халқының әлеуметтік жағдайы жақсы.

Ерлан АЙТАХАНОВ,
«Нұр Отан» партиясы
Отырар аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі:

Бөлісу: