Қазақстан құрамасының капитаны басқа чемпионатқа ауысады

562
0
Бөлісу:

Елордалық «Астана» мен Қазақстан құрамасының көшбасшы ойыншысы Дмитрий Шомко өзінің кәсіби мансабын Ресей чемпионатында жалғастыруы мүмкін.

Бұл ақпаратты футболшының өзі жоққа шығармаған. Бірақ нақты қай командаға ауысатынын дөп басып айтпаған.

«Егер мені «Астон Вилла» шақырса онда отбасыммен ақылдасып, ойласуға тура келеді. Ол мәселені басшылық шешеді. Қазір менің «Астанамен» келісімшартым бар. Ресейлік клубтар тарапынан да қызығушылық бар. Қай командалар екенін айта алмаймын» дейді ойыншы.

28 жастағы футболшының «Астанамен» келісімшарты 2021 жылы аяқталады. Қазіргі таңда футболшының құны 2,5 миллион еуроға бағаланады. Ресейдегі трансфер мерзімі 23 ақпанда аяқталады.

Абай Аймағамбет

Бөлісу: