АҚШ Димашты мойындады (видео)

2592
0
Бөлісу:

Әнші Димаш Құдайберген АҚШ-тағы The World’s Best шоуында өнер көрсетті.

АҚШ-тың сахнасында Қытайдағы I’m а Singer байқауында айтқан S.O.S d’un terrien en détresse композициясын орындады. Сарапшылар Димаш Құдайберген ән айтып жатқанда орнынан тұрып, қол соқты.

 

 

«Көзімді жұмып тұрғанда, онда 8-10 адам ән айтып жатыр деп ойлар едім. Бір адамның өзі мұны қалай орындап шықты», – дейді актриса Дрю Бэрримор. «Бұл шеберлік пен табиғи дарын. Сен The World’s Best шоуының құрылуына себепшісің», – деді актер Ру Пол Андре Чарльз.

 

 

Айта кетерлік жайт, бұл байқауға қазақстандық әнші қыз Данэлия Төлешова да қатысты.

Біраз уақыт бұрын Димаш Құдайберген бұл оның соңғы байқауы екенін айтқан еді. Шоудың жеңімпазы бір миллион доллар сыйлық алады.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу: