HYUNDAI ЗАУЫТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

428
0
Бөлісу:

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Astana Group компаниялар тобының президенті Нұрлан Смағұловты қабылдады.

Кездесу барысында Мемлекет бас­шысына отандық автомобиль өнер­кәсібін одан ары дамытуға бай­ланысты тапсырмалардың орын­далуы жөнінде мәлімет берілді.
Нұрлан Смағұлов Нұрсұлтан Назарбаевқа «Астана Моторс» компаниясының Алматы қала­сын­да Hyundai жеңіл көлігін жасау зауытының құрылысын бастағаны жөнінде баяндады.
– Кәсіпорынның қуаты алғаш­қы кезеңде 30 мың авто­мобиль шығаруға жетеді. Ал келесі ке­зең­де өндіріс көлемі жылына 45 мың­ға дейін артатын болады. Соның арқасында, Қазақстан нарығын сапалы әрі қолжетімді Hyundai маркалы жеңіл автомо­би­лімен қамтамасыз етуге, сондай-ақ көлікті ТМД елдеріне экспорт­тауға жол ашылады. Жобаға бөлінген инвестицияның жалпы көлемі – 25 миллиард теңге. Бұған өз қаражатымыздан бөлек ком­мер­циялық талаптарға сай заемдік қаржы тартылмақ. Зауыт 700 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, – деді Нұрлан Смағұлов.
Кездесу соңында Нұрлан Сма­ғұлов Мемлекет басшысына Қазақстан бизнесіне тұрақты қол­дау көрсетіп келе жатқаны және
«7 – 20 – 25» ипотекалық тұр­ғын үй бағдарламасы сияқты кө­лік сала­сына несие бөлу бағдарламасы жөнінде шешім қабылдағаны үшін алғыс айтты.

Бөлісу: