Тасқынға қарсы тойтарыс

126
0
Бөлісу:

Үкіметте Премьер-министрдің бірінші орын­ба­сары Асқар Мамин­нің төра­ғалығымен Төтенше жағ­­дайларды ескерту және жою жөніндегі ведомствоа­ра­­лық мемлекеттік комис­сия отырысы өтті. Оның бары­сында тұрғын үй сек­то­рында өрт қауіпсіздігін қам­­та­­масыз ету шаралары қаралды.

Премьердің биылғы 5 ақпанда, Үкімет отырысында берген тапсыр­ма­ларын орындау мақсатында ІІМ-нің Төтенше жағдайлар комитетінің бөлімшелері республикалық және өңірлік деңгейлерде өрттің алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі штаб құру жұмысын бастады. Жылыту кезеңі аяқталған­ша, тұрғын үй сек­торында өрттің болуына жол бермеуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру жұмыс­тары жалғасады. Бұдан өзге, күнде­лік­ті өмірде от қауіпсіздігі бойынша сауатты азаматтардың санын артты­ру, сондай-ақ түсіндіру жұмыс­тары­ның сапасын жақсарту бойынша қосым­ша шараларды іске асыру жоспарлануда.
Сондай-ақ бірінші вице-пре­мьер­дің төрағалығымен алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық мәсе­ле­лері бойынша Төтенше жағдай­лар­ды ескерту және жою жөніндегі ведом­ствоаралық мемлекеттік ко­миссия отырысы өтті. Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов «Су тасқынын ескерту және жою бойын­ша 2017-2020 жылдарға арналған шара­лар кешені» жол картасын жүзеге асыру туралы ақпарат берді. Оның айтуын­ша, соңғы екі жылда 174 қорғаныс бөгеті салынып, нығай­­тылды, 119 гидротехникалық құрылыс және өткізу қабілетін арттыра отырып 64 көпір жөнделді. Жалпы алғанда, жол картасында 600-ден астам іс-шараны іске асыру көз­делген. ТЖ департа­мент­терін бір­тіндеп материалдық-техникалық жарақтандырудың 2018-2020 жыл­дарға арналған жол картасы әзір­ленді.
Ішкі істер министрінің орын­ба­сары Ю.Ильин басқару органдары­ның, Мемлекеттік азаматтық қорға­ныс жүйесінің күштері мен құрал­да­ры­­ның су тасқыны қауіпі кезеңіне дайындығы туралы баяндады. Оның мәліметінше, жол картасының шара­­ларын орталық және жергілікті атқарушы органдардың орындауына тұрақты мониторинг жүргізілуде. Жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою бойынша іс-қимылдар жоспары бекітілген. Бұған дейін жиналған тәжірибеге сәйкес, қауіпті учаскелерде құтқару бөлімдері құрылуда.
Дегенмен жол картасының іс-шаралары Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Ақтөбе облыстарында орындалмаған.
«Өңірлерде су тасқыны қаупінің алдын алу бойынша жол картасының бірқатар шаралары орындалмаған», – деп назар аудартқан Асқар Мамин бұл жағдай төтенше жағдай­дың туын­дауына әкелуі мүмкін екенін атап өтті.
– Иесіз гидротехникалық құры­лыс­­тардың, су қоймаларының бо­луы Қарағанды облысындағыдай бұ­ған дейін де төтенше жағдайға әкеліп соқтырды. Тасқынға қарсы мау­сым жақын арада басталады. Жа­уапты мемлекеттік органдар әр­бір өңірдегі иесіз нысандардың комму­нал­дық меншікке берілуі мәселесін ерекше бақылауға алуы тиіс, – деді А.Мамин.
АШМ хабарлауынша, 2018 жы­лы анықталған 49 иесіз нысанның 21-і есепке алынды, ал қалған 28-інің жай-күйіне бақылау жүргізілуде. Биыл олар да есепке алынады.
Бірінші вице-премьер Асқар Мамин барлық мүдделі мемлекеттік орган­дарға алдағы көктемге арнал­ған болжамды және сын-тегеурін талдауын ескере отырып, су тасқы­ны­­ның алдын алу үшін барлық қа­жет­ті шараларды қабылдауды, ха­лық­ты және инфрақұрылымды су тасқыны қаупінен барынша қорғау­ды тапсырды.

Елдос СЕНБАЙ

Бөлісу: