Жүрек сыр бермесін

156
0
Бөлісу:

Халықаралық статисти­ка­ға­ сәйкес, әлемдегі 26 мил­­лион адам жүректің созыл­малы жетіспеушілігінен зардап шегеді. Оған қоса, жыл сайын бұл дертке 900 мыңға жуық адам шалдығады екен. Ал оның 800 мыңына жүрек трансплантациясы қажет. Алайда донорлық жүректі күтпестен алғашқы бес жыл ішінде 7 пайыздан 50 пайызға дейін адам қайтыс болыпты.

Әрине, мұны емдеудің бірден бір жолы – трансплантация. Бірақ донорлық органдардың тапшы­лы­ғына байланысты бүгінде жүректі механикалық қолдауды пайдалану көбейіп жатыр. Осыған байла­ныс­ты хи­рургиялық емдеудегі рево­лю­ция­лық серпіліс – толық имп­лан­та­ция­ланатын жүректі қолдау жүйе­сін қолдану. Міне, қосалқы қа­н­ай­налым құрылғысын имп­лан­­та­циялау бойынша операция бірінші рет Астанадағы Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орта­лығында Юрий Пя бастаған қа­зақ­стандық кардиохирургтер ко­мандасы Чехия, Израиль, Ита­лия және АҚШ серіктестерімен өтті.
FIVAD толығымен импланта­ция­лайтын құрылғының ерек­шелігі – патциенттер сыртқы қуат көзіне тікелей қосылмай қолда­ны­лады. Бұл – әлемдегі алғашқы көмекші құрылғы. Мысалы, жү­рек­тің сол жақ қарыншасының адам­ның еркін қозғалуына, бір­қатар асқынуларды төмендетіп, өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Әрі бұл құрылғы пациенттер үшін сыртқы жабық­пен (кабельдер) жүрсе де қауіпсіз және салмағы болмайды. Соны­мен бірге, 8 сағаттай кимей де жү­ре алады. Мұндай жағдай кар­дио­хирургияның тәжірибесінде бірінші рет жасалып отыр.
– Қазір операция жасалған адам қалыпты өміріне оралып, күнделікті істерімен айналысып жүр. Сондай-ақ ұқсас құралғы­­лар­дың басқа үлгілерін пайдалан­ғанда суда жүзе алатын болды. Дене­шы­нықтырумен айналысуға мүм­кін­дік алады. Әйтпесе, жүрек же­тіс­пеу­шілігімен ауыра­тын­дар­дың ен­тігіп, тыныс алуының өзі қиын, – деді «ҰҒҚО» АҚ басқарма төр­ағасы Юрий Пя.
Бұл құрылғыны медициналық құрылғы шығаратын Leviticus Cardio компаниясы шығарады. Компанияның жобаларымен айналысатын Израиль инвес­ти­ция­лық тобының жетекші The Trend Lines Group, белгілі жүрек қан­тамыр хирургиясы дәрігерлері консорциумының, Израильдің жеке инвесторларының және Инновация басқармасының қаржыландыруына ие болған.

Анар ҚОНЫС

Бөлісу: