СПОРТТАҒЫ БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫНЫҢ АШЫҚТЫҒЫ АРТАДЫ

243
0
Бөлісу:

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінде дене шынықтыру және спорт саласы бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері жөніндегі ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Аталған құжат Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитеті арасында жасалды.
Меморандумның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған, бірлескен және үйлестірілген іс-қимылдарды әзірлеу және іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қабылданған шаралардың тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыру.
Естеріңізге салайық, өткен жылдың соңында үш жақты кездесу ұйымдастырылып, оның соңында спорт және дене шынықтыру саласында жемқорлықтың алдын алу мәселесі бойынша ынтымақтастық туралы меморандум қабылданады деп келісілген болатын.
– Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, спорт қауымдастығын жемқорлыққа қарсы қозғалысқа шақыру арқылы біз азаматтық қоғамды, спорттық федерацияларды спортшыларды сыбайлас жемқорлықпен күресуге тартуды көздейміз, – деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Осы орайда, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі спорт саласында ашықтық саясатын ұстанып, «ашық дереккөзде» бюджет қаражатын игеру, мемлекеттік сатып алулар мен Министрліктің табысы мен мүлкі жайлы барлық ақпаратты жария етіп отырады.

А.Бек

Фото: sputniknews.kz

Бөлісу: