Құлаған ұшақтан әйгілі аргентиналық футболшының денесі табылды

361
0
Бөлісу:

Дорсет графтығының полициясы Ла-Манш бұғазында құлап, 7 ақпан күні британиялық Портленд портына жеткізілген ұшақтан аргентиналық футболшы Эмилиано Саланың денесі табылды.

«Денесі бүгін Портленд портына жеткізілді. Дорсет сот тергеушісі жеткізілген мәйіт Эмилиано Саланың денесі екенін айғақтады» делінген полиция хабарламасында.

Футболшы мен ұшқыштың жақындарына экспертиза нәтижелері туралы хабарланған. Трагедияны зерттеу оқиғалары әлі де жалғасуда.

7 ақпан күні құтқарушылар қираған ұшақ қалдықтары арасынан футболшының денесін тапқан. Қазіргі таңда құтқарушылар ұшқыш Ибботсонның мәйітін іздестіруді жалғастырып жатыр. Ұшақтың өзі 4 ақпан күні табылған еді.

Еске салсақ, футболшы Сала мінген ұшақ 22 қаңтар күні Ла-Манш бұғазы маңайында радардан жоғалып кеткен болатын. Футболшы соның алдында ғана француздың «Нант» клубынан ағылшын премьер-лигасындағы «Кардифф Сити» клубына 20 миллион еуроға ауысқан болатын.

Футболшы бұрынғы командаластарымен қоштасып, сол күні Уэльсті бетке алған. Кейінірек ол ұшақтың апатқа ұшырайтынын сезіп, әкесіне ватсап арқылы дыбыстық хабарлама жолдаған.

Абай Аймағамбет

Бөлісу: