«Канело» мен Джейкобс жекпе-жек өткізетін қала мен арена анықталды

414
0
Бөлісу:

WBC және WBA (Super) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес пен IBF титулының иегері америкалық Дэниел Джейкобс арасындағы жекпе-жек Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтетін болды. Бұл туралы бокс кешінің ұйымдастырушылары хабарлаған.

«Бұл аренада мен бірнеше ірі жекпе-жектер өткіздім. Дэнннимен де осы жерде шайқасамын. Тағы бір әлемдік титулды иеленуге дайынмын» деп айтыпты Альварес.

Джейкобс болса «Мен Вегаста алғашқы қадамымды жасадым. Бірақ ол жерде жұдырықтаспағалы тоғыз жылдай болып қалды. Осындай ғажайып жекпе-жекке шығу үшін сүйікті қалам мен аренама оралғаным үшін қуаныштымын» дейді.

Еске салсақ, Джейкобс пен Альварес арасындағы кездесу 4 мамыр күні болады. Жекпе-жекке қос боксшының да осы күнге дейін жиған-терген титулдары тігілмек.

Бұған дейін Альварес те, Джейкобс те Головкинмен жұдырықтасқан болатын. 2017 жылдың қаңтар айында Головкин мен Альварес дәл осы T-Mobile аренада кездесіп, тең түскен болатын. Олардың екінші жекпе-жегі де дәл осы аренада ұйымдастырылды және мексикалық боксшының жеңісімен аяқталды. Тиісінше «Канело» GGG-ге тиесілі барлық титулдарды тартып алды. Бұл – Головкиннің карьерасындағы алғашқы жеңіліс болды.

Ал 2017 жылдың наурыз айында Головкин Madison Square Garden аренасында Джейкобспен кездесіп, WBC, WBA (Super), IBF және IBO белдіктерін сәтті қорғап қалған болатын.

ДЖЕЙКОБС: АЛДЫМЕН «КАНЕЛОНЫ» ЖЕҢІП АЛАЙЫН, СОСЫН ГОЛОВКИННІҢ ЕСЕСІН ҚАЙТАРАМ

Абай Аймағамбет

Бөлісу: