Дертке қарсы дабыл

367
0
Бөлісу:

Нұротандық депутаттар елді алаң­дат­қан бірқатар мәселелерге Үкімет басшы­сы мен мемле­­кеттік орган­дар жетек­ші­ле­рінің назарын аудартуда. Осы орайда олар­дың бірқатары Мәжі­лістің жалпы отырысында жария етілген депутаттық сауалдарда көрініс тапты.

«Нұр Отан» фракциясының мүшесі Б.Мамраев Премьер- министр Б.Сағынтаевқа жүгініп, салалық қауымдастық жетекшілері мен техникалық-кәсіптік білім беру (ТКББ) жүйесінің ардагер­ле­рін Білім және ғылым министр­лі­гінің іс-қимылы алаңдатып отыр­ға­нын жеткізді.
«Өйткені БҒМ кәсіби ортада ашық әрі кең талқылауға шығар­май-ақ, ТКББ жүйесінің мемле­кет­тік білім беру стандарт­тары­нан жалпы орта білім берудің пәндерін оқытуды алып тастауды жоспар­лау­да. Салдарынан, колледж шәкірт­тері орта білім ала алмай қалады. Ал Конституцияның 30-ба­бының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан азаматтарына мемле­кет­тік оқу орындарында тегін орта білім беру кепілдендіріледі. Конс­титуция бойынша орта білім – міндетті. Осылайша, министр­ліктің жоспары конституциялық нормаларға қайшы келеді, «Білім беру туралы» заңының нормаларын бұзады және азаматтардың орта білім алу құқығын шектейді», – деді депутат.
Нұротандық депутат З.Аманжо­лова денсаулық сақтау министрі Е.Біртановқа қайырылып, қызыл­ша (корь) дертінің жайылуына қатысты дабыл көтерді. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, 2018 жылғы қараша айының басы­нан бері Қазақстанда бұл аурудың 1406 расталған дерегі тіркелген. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың үлесі 81%. Қызылша Астанада (938), Алматыда (86), Ақмола облысында (53), сондай-ақ Атырау және Қостанай өңірлерінде көп тіркелуде.
Осыған орай, депутат министр­ден «қызылшаның 1 жасқа дейінгі балалар, ересек тұрғындар және медициналық қызметкерлер ара­сында таралуының себептеріне терең зерттеу жүргізуді» өтінді. Бұдан бөлек, «профилактикалық іс-шаралардың, соның ішінде екпе егудің сапасына бағалау жүргізу» сұралды.
«Нұр Отан» фракциясының мүшесі С.Бычкова Әділет минист­рі М.Бекетаевқа депутат­тық сауал жолдап, нормативтік-құқықтық акті­лерге (НҚА) сыбайлыс жем­қор­лыққа қарсы сараптама жүр­гізу­ге қатысты мәселе көтерді.
«Қазақстанда қазіргі уақытта нормативтік-құқықтық актілерге бөлек антикоррупциялық сарапта­ма жүргізілмейді. Оны жоюға әкел­ген негіздердің бірі – өндіріс­тің жеткілікті түрде жоғары сапалы болмауы және салдарынан жеткі­лік­ті тиімділік бермеуі болды. Бүгінде сыбайлас жемқорлыққа соқтыруы мүмкін нормаларды анықтау – Әділет министрлігінің және оның аумақтық органдары­ның НҚА жобаларына заңгерлік сараптамасы аясында жүзеге асы­ры­­лады», – деген депутат ми­нистр­­ден НҚА-ларға антикор­руп­циялық сараптаманы ғылыми сапалы деңгейде жүргізетін жеке құқықтық институтты қалпына келтіруді және қаржыландыруды ұсынды.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу: