ТЕМІРХАН басқарған «БАЙСЕРКЕ-АГРО» ауыл шаруашылығына айтулы үлес қосуда

329
0
Бөлісу:

Менің 64 жылдық ғылыми-өндірістік еңбек өтілім бар. Сондықтан болар, осы ұзақ жылдарда өндірісте ірі-ірі тың жерді көтеріп жатқан совхоздарда бас агроном болып қызмет істедім. Алакөл ауданындағы ең ірі Ильич атындағы совхозда бас агроном, кейін басшысы болып сайландым. Ол кезде Коммунистік партияның көпжылдық бағдарламасы бойынша Қазақстанда, Ресейде, Украинада, Молдова, Орта Азия мемлекеттерінде онда­ған млн. гектар айдалмалы тың жерді игеріп жатқан болатын. Өте мол тәжірибе жинадым. Жоғары лауазымды жайдары, адамгершілігі мол біраз азаматтармен бірге жұмыс істеп, жақсы араласып сыйластықта болдық. Ал 1966 жылдан бастап осы күнге дейін селекция және гене­тика ғылым жолында 54 жыл жұмыс істеп келемін. Осы мол жылдарда жолым болып, Қазақстанға көптеген жаңа бидайдың және басқа да алқап дақылдары­ның сорттарын шығарып, патент алып өндіріске енгіздім. Қазақ егіншілік институты мекемесі, Қазақстан бойынша жаңа сортты егіп, жоғары сапалы астық өнімін алу жоғары дәрежеге жетті. 2012 жылдың күзінде Темірхан Мыңайдарұлымен таныстым, сол күннен бері бірге жұмыс істеп келеміз.

Темірхан Мыңайдарұлы – Талғар ауданындағы ірі білім-өндірістік көпсалалы «Байсерке-Агро» холдингінің Президенті.
2011 жылдан бастап азамат Темір­хан тоз-тоз болған шаруашылықты қолына алып, түбегейлі салаларын рет-ретіменен бәрін жөндеп шық­ты. Астық тұқымдарына арналған жаңа қоймалар салды. Осы сегіз жыл ішінде Байсерке шаруа­шы­лығының өнімі күрт өсіп, білімді, ғылымды, өндірісті біріктірген көпсалалы ірі холдингке айналды. Осы жылдарда егін және мал шаруашы­лығы салаларын жоғары деңгейге жеткізді.
Темірханның өмір жолы қиын да, қызық жылдар болды. Ауылдан келген жасөспірім жігіт Алма­ты­дағы әл-Фараби атындағы Ұлттық мемлекеттік университетке түсіп, ойдағыдай бітіріп шықты. Ара­сын­да бос уақытын жібермей, спорт­пен айналысты. Дене шы­нықтыру ка­фе­драсының оқыту­шысы болып жұ­мыс істеді. Со­нымен қатар «Сам­бо» күресіндегі топтың жаттық­ты­ру­шысы болды. Шәкірттерінің бі­ра­­зы КСРО-ның спорт шебері атан­са, өзі КСРО-ның және Қазақ­станның «Еңбегі сіңген жаттықты­рушысы» атағына ие болды. 1980-90 жылдары Темір­хан елімізде жа­уап­ты са­лаларды басқарып, белсенді қызмет етіп абыройлы болды. Екі мәрте Спорт және туризм министр­лігін бас­қар­ды, Президенттің іс бас­қармасын алып жүрді. Астана әкімі де болды. Дүниежүзілік Олим­пиада коми­тетінің мүшесі және Азиядағы Олим­пиада комитетінің вице-пре­зиденті, Мәжіліс депутаты болып абыроймен жұмыс атқарды. Осы аталған біраз жоғары лауа­зым­ды қызметтерді жоғары деңгейде ойдағыдай алып жүрді. Әсіресе, өз көзімізбен көрген ХІ Қысқы Олимпиаданың Қазақстанда өтуін­де Темірханның еңбегі орасан зор. Бұл атқарылған ауқымды шара халқымызға, әсіресе, жастарға үл­кен жігер берді. Содан бері жасөс­пірім балалар, әйгілі шаңғышылар, коньки тебушілер, тағы басқа сала­ның спортшылары тынбай Табаған спорт кешеніне, Трамплин ком­плек­сіне, тағы да басқа мұз айдын­да­рына барып жаттығуды және тау­дың таза ауасында рахат-танып демалуды жақсы әдетке айналды­рып алды. Бұл салауатты өмір сүру жолы және қазақ халқы­ның дамы­ған мемелекеттер қата­рындағы орны және қағидасы болып қалады. Осыншама көпте­ген игілік істерге ұмтылу және олар­ды орындау батыр да батыл ініміз Темірханның генетикасында жатыр деп білемін. Оны генетик ретінде білемін, әрі оған көзім жетіп отыр. Қазақтар осындай үрім бұтақтан жалғасып келген заңды­лықтарды тек деп атаған. Аза­маттың бойында бірне­ше атап айтар қасиеттері бар: батырлығы мен батылдығы, ерекше еңбек­қор­лығы, отансүйгіштігі, жоғары деңгейдегі жауапкершілігі, талант және адамгершілігі.
«Байсерке-Агро» холдингінің жұ­мыстарына көшсек, онда мына жағ­дайды көресіздер. Моральдік және физикалық тұрғыдан тозығы жет­кен бұрынғы одақтың нашар тех­никасының орнына соңғы 4-5 жылдың ішінде Еуропадағы озық елдерден жаңа техникаларды алды­рып іске қосты. Мал қоралары күр­делі жөндеуден өтті, жаңадан салынды. Қораның ішінде барлық жағдай жасалған (неше түрлі азық­тары: үгітілген жас балауса сүрлем, әртүрлі мал азықтық шөптер: жо­ңышқа, тритикале, рапс, жүгері, сор­го, қызылша, асқабақ). Соны­мен қатар, басқа да ұнтақталған жем түрлері өз мерзімінде беріліп тұра­ды. Малдың ішетін суының өзі автомат­тан­дырылған. Мал тұратын ком­плексте – гигиена мен жалпы са­нитария жоғары деңгейде. Вете­ри­нарлық қызметті 12 ай бойы үзіл­мей бақылап тұрады, яғни дез­инфекция шаралары қораның ішінде де, сыртта да үзбей жаса­лынады. Осы 8 жыл ішінде «Бай­серке-Агро» мал шаруашылығында ешқандай ауру мал болған емес. Заманауи ғы­лым­ның арқасында сауынды сиырдың сүт­тілігі 7-9 есе өсті. Әрбір сауында бір сиырдан күніне орта есеппен 32-34 литр сүт сауылады. Сауылатын сиыр са­ны – 700 бас. Бұл мал Гол­штино – фриз атты голландия тұ­қымы, Ка­на­даның суық табиғатында болған. Бірде-бір адам мал қораның ішінде жұмыс істемейді. Жұмыс­тың 90%-нан көбі автоматтандырыл­ған – мал сауу процессінен бастап қораның тазалығына дейін. Сауылған сүт ар­найы құбырмен қасындағы за­уыт­қа барады. Барған сүттен ірім­шік, май, айран, кілегей, ірімшік шығарылып, Алматыдағы дүкенге күн сайын жеткізіледі. Әрине, мүндай экологиялық жа­ғынан өте таза сүт тағамдары тез арада саты­лып кетеді. Мал тұқы­мына келсек, ол дүниежүзіндегі алғы шеп­те тұрған мемлекеттерден эмбри­ондар алынып, оларды жергі­лікті суррогат тұқымдарға салу ар­қылы бұзаулар алады. Қазір Байс­ер­кеде арнайы молекулярлық-гене­тикалық лаборатория салынып, онда Қазақстан – АҚШ келісімшар­тымен жұмыс атқарылғалы отыр. Соң­ғы 3-4 жылдың ішінде Қазақ­стан аймақтарында Байсеркедегідей сүтті, етті сиырлар және басқа да ірі қара дүниеге келді. Бір ғана эмбри­оннан оншақты бұзау алу мүмкіндігі бар. Осы істің барлығын «Байсерке-Агро» басқаруымен атқарылатын болады. АҚШ, Англия универ­си­тет­терін үздік бітіріп келген 4-5 ал­­ғыр жас ғалымдар белгілі акаде­мик­­термен бірігіп, жұмыс істеп жатыр.
Байсеркенің Кербұлақ, Іле, Ақсу, Қапал, Талғар аудандарында мал ұстайтын жайылымдары мен қора-жайлары бар. Онда да асыл­тұқымды ірі қара мал, қой өсіріліп жатыр. Ең күрделісі, етті сиырлар тұқымы Канададан, Голландиядан келген. Малдар қоңды, тірі салмағы 600-660 кг болады. Мал бидайықты, ізгенді, бозғын ізген шөптерді, жусанды жеп жайылып жүр және қоршауда науалардағы сүрлемді, шөпті, жемді жейді. «Шет мем­лекеттердің тұ­қымдары біздің жерге жерсінбейді» деген сөздер далада қалады. Мал шаруашы­лығында істелініп жатқан қыруар селек­ция­лық шаруалар бір ғана Байсеркеде емес, Қазақ­стан­ның өзге аймақ­тарында да қолға алы­нады», – дейді Темірхан Мыңайдарұлы.
Соңғы бес жыл ішінде жаз ке­зіндегі егістік алқаптарда жайқалып тұрған өсімдік түрлерін көптеген де­легация келіп көріп жатыр. Мұн­да келушілердің саны кем дегенде 8-9 мыңға жетті. Оның ішінде рес­публикамыздың басшылары мен жауапты қызметкерлері, Сенат пен Мәжіліс депутаттары да бар. Олар жаңа шаруашылықта атқарылып жатқан оңды істерге дән риза.

Рахым Оразалиев,
селекционер-генетик,
ҚР ҰҒА академигі

Бөлісу:

Оқуға кеңес береміз