Жетекші компанияның жетістігі

150
0
Бөлісу:

Көкшетау қаласындағы «Евразия Групп Казахстан» ЖШС жаңа сервис орталығы – ауылшаруашылығына арналған кешенді шешімдердің бірегей жеткізушісіне айналған еліміздегі жетекші компания. Іргетасы 2017 жылдың 17 шілдесінде қаланған холдинг Қазақстандағы «Джон Дирдің» ресми дистрибьюторы саналады. 

Бұл компания ауыл­шар­уа­шы­лығы­ның, қоғамдық жұмыстардың, интел­лектуал шешімдердің және гольф алаңдары үшін инновациялық және өнімді жабдықтарын ұсынып келеді. Мұн­да сервистік орталықтан басқа, қо­салқы бөлшектер қоймасы, аудиторияға арналған шеберхана, жабдыққа арналған көрме және тест-драйв платформалары фермерлер үшін бір жерде жиналған. Сервис клиенттердің шеберханаларында, жабдықтар орналасқан жерде жүзеге асырылады.
Бүгінгі таңда компания «Джон Дир» өнімі желісін басқа өндіру­ші­лердің өнім­дерімен толықтырып жатыр. Ат­ап айтқанда, JCB, Double L, Balzer, AVR және Väderstad, өсімдік шаруашылығы, мал және кө­көніс өн­ім­дерін өндіруге, Bauer және Ривулис суаруға арналған жабдықтар және т.б.
Көкшетау қаласында құрылыс алаңы­­ның жалпы ауданы 10 гектар бол­­са, сервис орталығының аумағы – ша­мамен 13 мың шаршы метр. Бағ­дарлама ауылшаруа­шы­лығы тех­никасын өндіру бойынша әлемдік көш­басшы ком­па­нияның стандарттарына сәйкес әзір­ленді және осы масштабтағы жобалар үшін барлық техникалық та­лаптарға сәйкес келеді.
«Евразия Групп Казахстан» ЖШС «Ауылшаруашылық техникасына тех­никалық қызмет көрсету және сату бойын­ша сервис орталығын салу» жоба­сын жүзеге асырып келеді. Жоба Нұрсұлтан Назарбаевтың Жол­дауын іске асыру шеңберінде инновациялық және сервистік секторларды дамыту мақса­ты­ да қолға алынды. Компания кезекті жұмысын 2019 жылдың тамыз айында аяқ­тауды жоспарлап отыр.
Әкімшілік кеңседен бөлек, қызмет көр­сету орталығы төмендегідей жұ­мыс­тарды қамтиды:
– уақытша сақтау қоймасы бар қо­сал­қы бөлшектер қоймасы;
– аудиториямен және жиын­тық семинар;
– жабдықтар мен платформа үшін жа­­бық және ашық көрме алаңдары;
– тестілік дискілер;
– пайдаланылған жабдыққа арнал­ған аумақ;
– ашық қойма;
– жабдықтарды құрастыру мен ка­ли­бр­леуге арналған алаң;
– автокөліктер мен жүк көліктеріне арналған тұрақ.
Жоба қызметкерлері санының ұл­ғаюы, бюджет кірістерінің артуы және өңір­дің агроөнеркәсіптік ке­шен­ін дамы­туда көрінетін үлкен әлеу­меттік-эконо­микалық әсерге ие, – дейді «Джон Дир» компания­сының Қазақстандағы өкілі Тілек Бек­басар­­ов.
Жобаның басты мақсаты – ТМД-да­­ жоқ жаңа буын сервис орта­лы­ғын салу, әртүрлі өндіру­ші­лерден ауыл­ша­руа­шылығы техника­сын жөндеу және қалпына келтіруге арналған жаб­дық­пен қамтамасыз ету.
Қазіргі таңда компанияның Қа­зақ­стан аумағында 13 қалада өкілдігі бар. Алдағы уақытта компанияның қо­сал­қы бөлшектер өндірумен айна­лысатын зауыты ашылмақ. «Джон Дир» ком­паниясы техникаларын қазақстандық шаруалар талабына сай етіп жасайды. Атап айтар болсақ, «Евразия Групп Ка­захстан» ЖШС ғарыштан бақылау, метеоанализ т.б. жаңалықтарды енгізіп оты­рады. Компания келекшекте тек астыққа ғана емес басқа да дақыл­дарға (күріш, мақта, мақсары т.б.) арнал­ған техникаларды құрастыру мен да­мытуды қолға алмақшы.

Абылайхан ЖҰМАШ

Бөлісу: