«Байқоңырдың» басқосуы

450
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы аясында, аудандық филиалдың кезектен тыс III конференциясы өтті. Конференцияға «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары, қалалық маслихат депутаттары, кәсіподақ ұйымының жетекшілері, мемлекеттік емес ұйымдардың басшылары және тағы басқалары қатысты.
Кездесу барысында ««Нұр Отан» партиясына 20 жыл» атты баяндамада қарастырылған аудандық филиалдың биылғы жылға жоспарлары талқыланып, атқарылған жұмыспен қатысушылар таныс болды. Сонымен қатар, «Жасампаздық және әлеуметтік даму кезеңі» атты баяндамамен «Нұр Отан» партиясының ардагері, «Цесна-Астық» БПҰ төрағасы – Кенже Бекназаров сөз сөйледі.
Күн тәртібінде «Нұр Отан» пар­тиясының 20 жылдығы, пар­тия­ның 2030 жылға дейінгі бағ­дарламалық жобасы талқыланды. «Нұр Отан» партиясы Астана қаласы «Байқоңыр» аудандық филиалының «Цесна – Астық» бастауыш партия ұйымының төрағасы «Құрылу және әлеуметтік даму уақыты» тақыры­бында баяндама жаса­ды. Ал «Нұр Отан» партиясы Ас­­та­на қаласы «Байқоңыр» аудан­дық филиалы төрағасының бі­рін­ші орынбасары Мұхамеджан Болысбек партия­ның 2030 жыл­ға дейінгі бағ­дарламалық жобасының негізгі бағыттарын түсіндірді.
– «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы Қазақстанның жаңа әлеуметтік бағытын айқындайды. Ол дамы­ған елдердің қатарына қосылу үшін мемлекетті реформалаудың дәлелденген және тиімді әдісі саналған 5 институционалды реформаға негізделген. «Нұр Отан» партиясы Елбасы анық­таған стратегия шеңберінде елдің жетекші саяси күші ретінде, өзі­нің негізгі күш-жігерін бола­шақ он жылға он негізгі мақсатын іске асыруға бағыттайды, – деді М.Болысбек.
Жиын барысында Астана қаласы «Байқоңыр» аудандық филиалының консультанты Ер­кебұлан Шалтай «Нұр Отан» пар­тиясы Астана қалалық филиа­лының XVIII кезектен тыс конфе­ренциясына сайланған делегаттар тізімін атап өтсе, «Байқоңыр» аудандық филиалының төрағасы, Астана қаласы «Байқоңыр» ауда­нының әкімі Ерлан Каналимов «Байқоңыр» филиалының ат­қар­ған және жоспардағы жұмысына тоқталды.
Кездесу қорытындысында «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының кезектен тыс XVIII конференциясына делегаттар таңдалды.

Әбілмансұр ЖАСАН

Бөлісу: