Партия – жаңашылдық локомотиві

587
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек аудандық фи­лиа­лының кезектен тыс ХХV конференциясы өтті.

Жиынға қатысқан аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Асхат Ша­харов Елбасының «Қазақ­стан­дық­тардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арт­тыру» Жолдауын іске асыру жа­йын баяндады. Алты бағыт бо­йын­ша атқарылған ауқымды жұ­мысты талқылады. Оның ай­ту­ынша, партияның 20 жылдығына орай ұйымдастырылатын іс-ша­ралар жыл бойы жалғасады. Фи­лиал төрағасының бірінші орын­басары Тілекбай Төлепқалиев «Нұр Отан» партиясының құрылу тарихы мен 2030 жылға дейінгі бағдарламасына тоқталса, Щапов бастауыш партия ұйымының төра­йымы А.Бақтығалиева пар­тиялық жобалар аясында іске ас­қан жұмыстарды баяндады.
– Биыл «Нұр Отанның» құ­рыл­ғанына 20 жыл толады. «Нұр Отан» – халықтық бақылау пар­тия­сы. Мемлекет басшысының бастамаларын іске асыруға қо­ғамдық бақылауды қамтамасыз ететін жетекші саяси күш. Партия тарихы тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерімен тікелей байла­ныс­ты. Оның рөлі мен орнын та­разыласақ, тәуелсіздіктің ал­ғаш­қы жылдарында елдің жарқын болашаққа ұмтылуына тікелей атсалысты. Игі бастамалардың жүзеге асуына мұрындық болды. Сондықтан Елбасы партияны жаңғырту, оның қызметін халық­пен тығыз байланыста ұйым­дас­тыру міндетін қойды. Партиялық жаңғыртудың 2018-2020 жылдарға арналған нақты жоспарын әзір­леді. Партия 20 жобаны іске асы­рады. Атап айтқанда, 1 000 ақысыз IT сынып пен 20 IT орталық ашу, бос жер учаскелері бойынша Бі­рыңғай ұлттық геоақпараттық онлайн – сервисті ашу, мектеп асханалары мен спорт алаңдарын жаңғырту, электронды кітап­ха­на­лар ашу және тағы басқа жобалар. Бүгінгі күні партияда 1 миллион­нан аса мүшесі бар 6 мың бас­та­уыш партия ұйымы жұмыс істейді. Сонымен қатар цифрландыру жүйесіне сай электронды партия форматы енгізіліп жатыр. Әлеу­меттік желілерде белсенді жұмыс­тар жүргізілуде. Партияның кадр­лық резерві қалыптасып жатыр. Сондықтан бүгінгі күні «Нұр Отан» – мемлекеттік даму және саяси әлеуметтік жаңашылдық­тың локомотиві, – деді Тілекбай Төлепқалиев.
Жиын қорытындысында «Нұр Отан» партиясы аймақтық фи­лиалдың кезектен тыс ХХІІІ кон­ференциясына делегаттар сай­ланып, қаулы қабылданды.

Майра БАҚЫТ

Бөлісу: