СЪЕЗГЕ ДАЙЫНБЫЗ БА?

646
0
Бөлісу:

Астанада 27 ақпан күні «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съез өтеді. Соған орай, еліміздің түкпір-түкпірінде партия­ның 20 жылдығына арнал­ған съезд алдындағы түрлі өңірлік партия конферен­ция­лары өтіп жатыр. Мұндай маңызды жиындар жыл басталғалы Алматыда да қарқынды өткізілуде.

Достық үйінде Медеу аудандық партия филиалының XXIIІ ке­зек­тен тыс конференциясы болды. Конференция жұмысына Мәжі­лістегі әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Гүлнар Ық­санова, депутат Дархан Мыңбай, партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Ержан Жылқыбаев қа­тысты. Сондай-ақ шараға пар­тия филиалы саяси кеңесінің мү­ше­лері, партия ардагерлері, Ал­ма­ты қала­лық мәслихатының де­пу­тат­т­ары мен бастауыш партия ұйы­мының өкілдері де белсене атсалысты.
Жиын барысында қатысу­шы­лар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың «Қазақстандықтардың әл-ауқа­тының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолда­уын­дағы басым бағыттарды жүзеге асыру бойынша талқылау жасады. Сонымен қатар Медеу аудандық басшылығы атқарылған жұмыс­тардың есебін беріп, алда қолға алынатын жобалар жайлы айтты. Мәжіліс депутаттары Елбасы Жол­дауын іске асырудың тетікте­рін баяндап, халық табысы мен өмір са­пасын арттыру жолында партия­ның аянбай еңбек етіп жатқанын да айтып өтті. Шара соңында «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының конференциясына делегаттар сайланды.

Абай ҚАЗБЕКҰЛЫ

Бөлісу: