ЖҰМЫС ЖАЛҒАСАДЫ

626
0
Бөлісу:

Атырауда «Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық филиалының кезектен тыс ХХХІV конференциясы өтті.

Конференцияның жұмысына Парламент Мәжілісінің депутат­тары Бақытгүл Хаменова, Аман­гелді Дауренбаев, Асылбек Сма­ғұлов, «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы төраға­сының орынбасары Бақберген Қарабаев және Атырау қалалық партия филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, партия ардагерлері, мәслихат депутаттары, жергілікті атқарушы орган басшылары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері қатысты.
Конференцияның күн тәрті­бінде «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы». «Жасампаздық және әлеуметтік даму кезеңі», ҚР Пре­зидентінің «Қазақстан­дықтар­дың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұр­мыс сапасын арттыру» атты Жол­дауының Атырау қаласында іске асыру барысы мен «ӘЛ-АУҚАТ­ТЫҚ ҚОҒАМ: ОНЖЫЛ­ДЫҚ­ТЫҢ 10 МАҚСАТЫ» атты «Нұр Отан» партиясының 2030 жыл­ға дейінгі бағдарламасының жобасы туралы баяндамалар жасалып, «Нұр Отан» партиясы Атырау об­лыстық филиалының кезектен тыс ХХІХ конферен­ция­сына деле­гат­тар сайлау мәселелері қаралды.
Конференцияға төрағалық еткен Атырау қаласы әкімі Алимұ­хам­мед Құттымұратұлы күн тәр­ті­біндегі үш мәселе бойынша баян­да­машыларға сөз кезегін берді.
«Нұр Отан» партиясының 20 жыл­дығы». Жасампаздық және әлеу­­меттік даму кезеңі» бойынша партия ардагері, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік уни­верситеті, Менеджмент кафед­ра­сының профессоры Бақтыбек Таубаев баяндама жасап, партия­ның 20 жылдықтағы жасампаз іс­те­­рін зерделі ойымен айтып жеткізді.
ҚР Президентінің «Қазақ­стан­дықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арт­тыру» атты Жолдауының Аты­рау қа­ласында іске асыру барысы тура­лы сөз алған Атырау қаласы әкі­мі­нің орынбасары Полым­бет Ха­сановтың айтуынша, Жолдау­да алға қойған тапсыр­маларды орын­дау үшін Атырау қаласында көп­те­ген жұмыстар атқарылып жатыр.
Елбасы «Бизнестің жол карта­­сы – 2020» бағдарламасын жалғас­тырып, 2025 жылға дейін іске асы­руды тапсырды. Аталған бағ­дар­ла­ма жүзеге асырылғаннан бері қала бойынша 2010-2018 жылдар ара­лы­ғы жалпы сомасы 62 млрд тең­геге жуық 483 кәсіпкердің жо­басы қол­дау алып, 3 337 жаңа жұ­мыс орын­дары құрылған. Бүгінде облыс, қала кәсіпкерлері үшін «бір терезе» қағидаты бойынша Кәсіп­керлерге қызмет көрсету орталығы Атырау қаласында қызмет етіп ке­ле­ді. Агроөнеркәсіп кешенінің әле­уетін толық іске асыру және мек­тепке дейінгі білім беру сапа­сын түбегейлі жақсарту бойынша нәтижелі жұмыстар атқарылып жатыр.
– Білім беру саласының өзекті мәселелерінің қатарына апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектептердің болуы жатады. Атап айтқанда, қаламызда 2 апаттық жағдайдағы мектеп бар. Бұл мек­теп­тің оқушылары бүгінде басқа мектепке ауыстырылды. Апатты деп танылған М.Жұмабаев атын­да­ғы орта мектептің жаңа құрылысын салу үшін жобалық-сметалық құ­жаттамасы жасақ­талып жатыр. Ғ.Мұратбаев атын­дағы орта мектептің жаңа ғима­ра­тын салу үшін мемлекеттік сатып алу өткі­зілуде. Қалада үш ауысымда оқитын 13 мектеп бар. Осы мәсе­лені шешу үшін 5 мектептің құры­лысы жүр­гізілсе, 14 мектептің жо­­балық-сметалық құжаттары жасақталып жатыр, – деген По­лымбет Максим­ұлы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жаңадан бой көтерген тұр­ғын үйлер мен өзге де салалар­дағы жетістіктер мен шешімін күткен мәселелер туралы талдап жеткізді.
«ӘЛ-АУҚАТТЫҚ ҚОҒАМ: ОНЖЫЛДЫҚТЫҢ 10 МАҚСА­ТЫ» «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарла­ма­сы­ның жобасы бойынша сөз алған «Нұр Отан» партиясы Атырау қа­ла­лық филиалы төрағасының бі­рінші орынбасары Әділбек Зай­дуллиннің айтуынша, әлемдік қоғамдастықтың ажырамас бөлігі ретінде біздің еліміз де да­муы­ның маңызды кезеңін бастан өт­керіп келеді.
Конференцияның күн тәрті­бін­дегі үш мәселе бойынша баян­дамадан соң жарыс сөздерге кезек берілді. Конференцияда партия­ның облыстық филиалының ­ке­зектен тыс ХХІХ конфе­рен­ция­сына белгілеген квотаға сәйкес 54 де­легат ұсынылып бірауыздан сайланды.

Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ, Атырау облысы

Бөлісу: