Месси жарнамалық түсірілім кезінде ғажайып трюк жасады (видео)

728
0
Бөлісу:

Футболдан Аргентина құрамасы мен «Барселонаның» футболшысы Лионель Месси жарнамалық роликтің түсірілімі кезінде ғажайып трюк орындап тәнті етті.

Футболшы алдымен Pepsi сусынының құтысын доптың үстіне қойып, сәл артқа шегініп, мұқият тепкен кезде доп алыстағы шеңберге дәл кіріп, ал құты шыр айналып жерге дәл сол қалпында түскен.

Месси биылғы маусымда «Барселона» сапында 20 ойынға шығып, 21 рет гол соғып, 12 рет нәтижелі пас берген. Ол соңғы «Эль-Классикода» матчты екінші таймнан бастады. Футболшы соңғы уақытта аздап жайсыздықты сезінген.

Абай Аймағамбет

Бөлісу: