«Барселона» Мессисіз кезеңге дайындалып жатыр

318
0
Бөлісу:

«Барселона» президенті Хосеп Мария Бартомеу клубтың қазіргі трансферлік жағдайы және Мессиден кейінгі кезең туралы айтып берді.

«Бір уақыттары Лионель Месси өзінің спорттан кететінін мәлімдейді. Команданы келешекке дайындау өте маңызды. Біз командаға талантты жастарды алып келеміз. Ұжым қазіргі табыстарын болашақта да жалғастыру керек» дейді Бартомеу.

Президенттің сөзінше, оның өкілеттілігі 2021 жылы аяқталады және ол өзінің басшылық қызметін жаңа иелерге табыстауға дайын.

Қаңтар айының соңында «Барселона» голландиялық жас футболшы Френк Де Йионгтің трансфері туралы мәлімдеген болатын. Каталониялық клуб голландиялық футболшыны алу үшін 75 миллион еуро төлеген. Әзірге Де Йонг «Аякс» сапында ойнай береді. Ал маусым аяқталғаннан кейін «Барселонаға» ауыспақ.

31 жастағы Месси болса осы уақытқа дейін «Барселона» қатарында 664 матчқа шығып, 581 гол соққан. Осылайша, ол клуб тарихындағы ең үздік бомбардир атануда.

МЕССИ ЖАРНАМАЛЫҚ ТҮСІРІЛІМ КЕЗІНДЕ ҒАЖАЙЫП ТРЮК ЖАСАДЫ (ВИДЕО)

Абай Аймағамбет

Бөлісу: