Еуропа футболында кімдер ең көп жалақы алады?

548
0
Бөлісу:

Франциялық Equipe басылымы еуропалық клубтардағы қымбат жалақы алатын ойыншылар мен бапкерлер тізімін жариялаған.

Франция. ПСЖ-да ойнайтын Неймардың жалақысы бонустарды есептемегенде – 3,06 млн еуро. Салықтық жүктемелерді алып тастағанда бразилиялықтың қолына таза 2,6 млн еуро тиеді. Сонда оның жылдық жалақысы 30 млн еуро шамасында болмақ. Ал Килиан Мбаппенің жалақысы Неймарға қарағанда біршама аз: 1,7 млн еуро. Салықты алып тастағанда – 1,4 млн еуро, бір жылда – 17 млн еуро.

Испания. Көп ақша алудан алдарына жан салмай тұрған ойыншылар  – Коутиньо, Гризманн, Суарес, Бэйл, Месси. Испания әлем бойынша салық заңнамалары бойынша күрделі жүйе қалыптастырған ел. Сондықтан бұған дейін Месси, Роналду және Неймар салықтық проблемаларға тап болған еді.

Мәселен, Гризманн салық жүктемесін қоса есептегенде 3,3 млн еуро алады. Яғни, Неймардан да көп жалақыға ие. Бірақ салыққа ұстап қалғанда француз әлдеқайда аз жалақыға қанағат қылуға мәжбүр: жылына 24 млн еуро. Сол себепті, Мессидің де 8,3 млн еуро жалақысы жылына 50 млн еуроға айналып шыға келмек. Ал Криштиану Роналду «Ювентусте» айына 4,7 млн еуро жалақы алады. Бірақ Италия мен Испаниядағы салық айырмашылығына байланысты португалиялық сұрмерген жылына 31 млн еуро алады.

Англия. АПЛ-да Эден Азар, Давид Де Хев, Кевин де Брюйне, Серхио Агуэро, Харри Кейн, Мұхамед Салах – бұлардың бәрі Месут Өзілден аз алады. Жоғарыдағылардың барлығы дерлік өз командаларындағы негізгі құрам ойыншылары. Ал Месуттің «Арсеналдың» негізгі құрамынан түскеніне біраз уақыт болды. Сондай-ақ Моуриньо кезінде де, қазіргі Сульшер кезінде де «МЮ»-дің негізгі ойыншысына айнала алмаған Алексис Санчестің де жалақысы топ-футболшылардан жоғары.

Германия. «Бавария» мен Польша құрамасының жұлдызы Роберт Левандовский айына 1,3 млн еуро алады. Бірақ бұл көрсеткіш көп мемлекеттердің чемпионаттарымен теңесе алмайды. Себебі, «Бавария» жалақына мейлінше үнемдеп беретін еуропалық суперклуб саналады.

Біраз жылдан бері мадридтік «Атлетиконы» баптап келе жатқан аргентиналық маман Диего Симеоне айына 3,3 млн еуро жалақы алады екен. Ал ПСЖ-ны баптап жүрген Томас Тухелге айына 420 мың еуро жалақы төленеді. Бұл көрсеткіш бір жағынан қиыспайтындай көрінеді. Себебі, «Атлетиконы» Испанияның бай клубы деп атауға келмейді. Ал ПСЖ – әлемдегі қаржылық жағдайы тұрғысынан ең алпауыт ұжым саналады. Мәселе, салыққа байланысты. Иә, Симеоне Тухелге қарағанда көп жалақы алады, бірақ соншалықты көп емес. Біріншіден, Испанияда салық көлемі жоғары. Көп жалақы жағдайында табыстың 48 пайызы ұсталады. Сондықтан бапкердің жылдық 39 млн еуросы шындап келгенде қолға 20 млн еуро болып тиеді. Бұл ретте Тухелдің жалақысы азырақ «зардап шегеді». Жылына 4 млн еуро табыс табады. Яғни, жеті емес, бес есе ғана аз.

Ресми деректер бойынша, Хосеп Гвардиолланың тұрақты жалақысы айына 1,9 млн еуроға тең. «Барселонаны» баптайтын Эрнесто Вальверде айына 2 млн еуро.

АПЛ-дағы екінші деңгейлі жалақы «Вест Хэмді» баптайтын Мануэль Пеллегриниге тиесілі екен. Ол айына 50 мың еуро жалақы алады. Бұл ретте ол Маурисио Почеттино, Унаи Эмери, Маурицио Сарри, Юрген Клопптан көп алады. Бірақ айналып келгенде мұның барлығы орта деңгейлі «Наполиді» жаттықтырып жүрген Карло Анчелоттиден аса алмайды.

Абай Аймағамбет

Бөлісу: