Роналду абайсызда командаласын есінен тандырды (видео)

855
0
Бөлісу:

Италия чемпионатының 23 турында «Ювентус» пен «Сассуоло» командалары кездесіп, матч туриндіктердің айқын жеңісімен аяқталды.

Алайда бір ойын эпизоды кезінде Роналдудың байқаусызда тепкен добы Сами Хедираны сұлатып түсірген. Қарсыластың айып алаңына таяу маңда Роналдудың қолына доп тиіп кеткен. Мұны байқап төреші ысқырық шалғаннан кейін де қарқынын тежей алмаған сұрмерген допты алға қатты теуіп жібереді. Доп болса Сами Хедираның бетіне тиген.

Ойын барысында «Сассуоло» туриндіктерге еш айла істей алмайды. Бұл кездесуде Роналду, Хедира және Эмре Джан мергендіктерімен көзге түсті.

Роналду 18 голмен А сериясындағы бомбардирлер көшін бастап келе жатыр. Сондай-ақ ол осы уақытқа дейін жеті рет нәтижелі пас берген. Осылайша, «Ювентустегі» үздік ассистент атағы да португалиялық шабуылшының еншісінде.

Абай Аймағамбет

Бөлісу: