Отбасын асырап жүрген 13 жасар бала үйлі болды

2765
0
Бөлісу:

Шымкентте қайырымды жандар көпбалалы отбасына үй алып берді. 13 жасар Ағабек есімді бала сабақтан кейін темір-терсек жинап, оны 1500 теңгеге өткізіп, мүгедек шешесі мен 4 қарындасын асырап жүрген.

Бүгін сол отбасыға қайырымды жандар көмек көрсетіп, үйдің кілтін табыстады. Сол қайырымды істің басы-қасында жүргеннің бірі – Аягөз Бегалы. Оның айтуынша, жаңа үйге қатысты құжаттарды толық рәсімдеп біткен. Ағабекке бүкіл Шымкент қаласының тұрғындары, Қазақстанның түкпір-түкпірінен, басқа да мемлекеттерден – Корея, Израиль, Өзбекстан, Германия, Ресейден, әлеуметтік желі арқылы 7 млн теңге жиналған. Ол іспен Шымкент қаласының еріктілері айналысыпты.

– Пәтер жалдап тұрып жатқанымызға 13 жылдай болды. Күйеуім тастап кеткен. Содан бері қарасын көрсетпеді. Өзім тойханада істеп, кейін ақшасы көбірек керек болғасын зауытқа ауыстым. Сол жерде екі бүйрегіме суық тиіп, жұмысқа жарамай қалдым. Қиналып кеткен соң, 13 жастағы ұлым менен тығылып жұмысқа шыққан. Кейіннен менен рұқсат сұрап, қорғасын зауыты маңында темір-терсек жинайтын болды. Күніне ас-ауқатымызға жетерлік ақша тауып келеді. Сөйтіп жүргенде баламды біреулер көріп қалып, бізге көмек көрсететін азаматтар табылды. Ауруханаға кетсем, үйімізге  азық-түлік алып келіп, үй алып беретіндерін айтқан. Міне, жаңа баспанаға кіріп, қуанып жатырмыз. Алладан қайтсын!, – деді жеті баланың анасы Мұхаббат Баева.

 

«Айқын» ақпарат

Бөлісу: